Испан Примьерасы

03.03.2014, 16:51
Испан Примьерасы
"Мен өз ойыншыларымды мақтан тұтамын!" Бұл "Атлетико Мадрид" жаттықтырушысы Диего Симоненің "Реалға" қарсы ойынынан кейін айтқан сөзі. Әрине, мұндай жан кешті команданы неге мақтан тұтпасқа? Шындыққа тура қарар болсақ, бұл ойын тең аяқталған "Атлетико Мадрид" жеңісі!  Мейлі, бұл мақалаға не деп пікір жазса да, мен шындықты айтып шырылдаймын! Пепенің актерлық шеберлігі, 100 пайыздық Рамостың Костаға қарсы тәртіп бұзуы, төрешілердің басқаның бәрі көрген сөзсіз пенальти, Арбелоаның Костаға қарсы тәртіп бұзуы, Костаға әділетсіз көрсетілген сары қағаз. Осының бәрі шындық емес пе? Төрешілердің қателігінде шек болған жоқ, бұл ойында! Әділетсіздік, тіпті сабырлы "Атлетико" жаттықтырушыларының өзің ашуға булықтырды. "Атлетико", жарады! Жақында ғана "корольдік командадан" оңбай жеңілген бұл ұжым, бұл ойында тек қана жеңісті ойлағаны анық. Бензаманың жылдам соғылған голынан кейін, бұл жоспарлары тас-талқан болып, психогологиялық проблемаға тап болардай көрінген. Бірақ, еңсе түсірмей Лопес қақпасының маңын айналшықтады, шабуылдады. 11-ші минуттағы сол эпизод. 110 пайыздық пенальти! Көрсетілген қайталаулардың өзі Рамос тізесімен Кoстаны шалып құлатқанын айқындап берді. Бас қазы осы кезде-ақ ойын тізгінін өз қолынан шығарып алды. Ойыншылардың сабырға келуіне, біраз уақыт қажет болды, әсіресе, "матрасниктердің". Оларды да түсінуге болады, әділетсіздік бар жерде негативтік эмоцияның да бар болатыны анық. Нәтижесінде, Арда Туран сары қағаздың иесі атанды. Алаң иелерінің шабуылдары 28-ші минутында өз нәтижесін беріп, Туран пасынан кейін Коке есепті теңестірді. Осыдан кейін, алаңда тең ойын өрбігенімен, тайм аяғында Гоби өзінің 35-- метрдей қашықтықтан бағытталған жойқын соққысынан кейін, өз командасын алға шығарды. Төрешінің ысқырығы бірінші тайм аяқталғанын белгіледі. Екінші таймның басы да Симоне шәкірттерінің басымдылығымен басталды. Костаның қауіпті орындаған айып соққысы, тағы да бірнеше қауіпті сәттер. 55-ші минутта тағы да күмәнді сәт орындалды. Роналду соққысынан кейін, әрине айып алаңында Габидің қолына доп тиді. Бірақ, олай қалай тиді? Доп тиген қол Габидің көкіргеніне жабысып тұрды. Егер, ол қол болмаса да, доп Габидің көкіргеніне тиетіні анық еді. Ондай сәтте ереже бойынша, тәртіп бұзушылық тіркелмейді. Бірақ, есепті теңестіруге ұмтылған "Реал", 82-ші минутта өз дегеніне жетті. Роналду соққысынан кейін, есеп теңесіп, матч нүктесі қойылды. Әрине, бұл нәтиже Анчелотти шәкірттерінің пайдасына. Біріншіден, "Атлетикодан" ара-қашықтығын сол қалпында қалдырды, екіншіден "Барселона" жеңіске жетіп жатса да қуып жете алмайды. Қайткен күнде де, мадридік дерби күтілген тартысты ойынды бізге сыйлады!
 

2 наурыз. Мадрид. Стадион "Висенте Кальдерон". Төреші - Дельгадо Феррейро (Португалете).

АТЛЕТИКО - РЕАЛ МАДРИД - 2:2 (2:1)
 Бензема, 3 (0:1). Коке, 28 (1:1). Габи, 45+1 (2:1). Криштиану Роналду, 82 (2:2).
Атлетико Реал Мадрид
 Тибо Куртуа  Диего Лопес
 Фелипе  Фабиу Коэнтрау, 59
 Диего Годин  Пепе
 Жоао Миранда  Серхио Рамос
 Хуанфран  Альваро Арбелоа, 71
 Марио Суарес  Анхель Ди Мария, 72
 Габи  Лука Модрич
 Рауль Гарсия  Хаби Алонсо
 Коке  Криштиану Роналду
 Арда Туран, 83  Гарет Бэйл
 Диего Коста  Карим Бензема
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Кристиан Родригес, 83  Марсело, 59
   Даниэль Карвахаль, 71
   Иско, 72

Ескертулер:

 Арда Туран, 11  Пепе, 39
 Диего Годин, 39  Альваро Арбелоа, 67
 Диего Коста, 64  

 

Өткен турда, қонақта "Реал Сосьедадтан" жеңілген "блауграна", кезекті турда  өз алаңында "Альмерияны" қабылдады. Осы аптада Тато Мартино тұсында біраз әңгімелер туындағаны анық. Бұл зандылық шығар! Өткен турдағы жеңіліс толықтай жаттықтырушы жеңілісі. Сол жеңіліс маусым аяғында қымбатқа түсуі әбден мүмкін. Оған қоса, эль-классико қонақта болмақ, егер "Реал" сол ойында тең нәтиже еншілеп, қалған турларда басқа командалармен ұпай жоғалтпауы әбден мүмкін. Дегенмен де, "Барса" бұл ойында көздегеніне қол жеткізді. "Альмериядан" келген қонақтарды тас-талқан етті. Санчес 9-шы минутта есеп ашса, Месси айып соққысын әдемі орындап 24-ші минутта есепті еселеді. "Альмерия" есепті қырқартқанмен, "Барса" екінші таймның соңғы 10 минутында екі гол тоғытып сенімді жеңіске жетті.

2 наурыз. Барселона. Стадион "Камп Ноу". Төреші- Карлос дель Серро (Мадрид).

БАРСЕЛОНА - АЛЬМЕРИЯ - 4:1 (2:1)
 Санчес, 9 (1:0). Месси, 24 (2:0). Трухильо, 27 (2:1). Пуйоль, 83 (3:1). Хави, 89 (4:1).
Барселона Альмерия
 Виктор Вальдес  Эстебан
 Адриано  Себастьян Дубарбьер
 Карлес Пуйоль  Марко Торсильери
 Хавьер Маскерано  Анхель Трухильо
 Даниэл Алвес  Рафита
 Сеск Фабрегас, 79  Корона, 72
 Серхио Бускетс  Рамон Азиз, 79
 Хави  Верза
 Алексис Санчес, 72  Джонатан Зонго
 Неймар, 88  Родри, 62
 Лионель Месси  Алекс Видаль
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Педро, 72  Элдер Барбоса, 62
 Андрес Иньеста, 79  Маркос Тебар, 72
 Кристиан Тельо, 88  Сусо, 79

Ескертулер:

 Адриано, 25  Рамон Азиз, 17
   Корона, 23
   Верза, 81
   Маркос Тебар, 86

 

Испан Примерасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Атлетик-Гранада-4:0 Голдар: Адурис, 6(1:0). Адурис, 18(2:0). Адурис, 74(3:0, пенальтиден). Гурпеги, 80(4:0) Малага-Вальядолид-1:1 Голдар: Санта Крус, 13(1:0). Ларссон, 30(1:1). Леванте-Осасуна-2:0 Голдар: Диоп, 4(1:0), Рубен Гарсия, 42(2:0). Хетафе-Эспаньол-0:0 Эльче-Сельта-1:0 Гол: Гил, 84(1:0) Вильяреал-Бетис-1:1 Голдар: Бруно, 71(1:0, пенальтиден). Рубен Кастро, 85(1:1). Севилья-Реал Сосьедад-1:0 Гол: Гамейро, 77(1:0) Райо Вальекано-Валенсия-1:0 Гол: Ларривей, 61(1:0).

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  РЕАЛ МАДРИД 26 20 4 2 73-26 64
2  БАРСЕЛОНА 26 20 3 3 74-21 63
3  АТЛЕТИКО 26 19 4 3 61-21 61
4  АТЛЕТИК 26 15 5 6 49-30 50
5  ВИЛЬЯРРЕАЛ 26 13 5 8 47-31 44
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 26 12 7 7 46-36 43
7  СЕВИЛЬЯ 26 10 8 8 44-41 38
8  ЛЕВАНТЕ 26 9 9 8 26-31 36
9  ВАЛЕНСИЯ 26 10 5 11 38-37 35
10  ЭСПАНЬОЛ 26 9 6 11 29-32 33
11  СЕЛЬТА 26 8 6 12 32-37 30
12  ОСАСУНА 26 8 5 13 24-39 29
13  ЭЛЬЧЕ 26 7 8 11 23-37 29
14  ХЕТАФЕ 26 7 6 13 23-40 27
15  ГРАНАДА 26 8 3 15 22-36 27
16  МАЛАГА 26 6 8 12 24-35 26
17  АЛЬМЕРИЯ 26 7 5 14 25-46 26
18  ВАЛЬЯДОЛИД 26 4 11 11 28-44 23
19  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 26 7 2 17 26-59 23
20  БЕТИС 26 3 6 17 21-56 15

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×