Ағылшынның аңыздары

23.09.2013, 04:05
Ағылшынның аңыздары

Англия құрамасы жай ғана айтқанда ағылшындардың футболы қарқынды дамуда. Қазірде фаворит құраманың бірі Англияның бастамасы жаман емес. Өйткені қазіргі құраманың дені жастар, ардагер ойыншылар да бар. Ал бұрынғы кезде қандай талантты футболшылар болды. Англия құрамасының бұрынғы және қазіргі ойыншылардың қайсылары ұлттық құрамада 100-ден аса матч өткізген туралы айтпақшымын. Питер Шилтон-125 ойын, 1970-1990. 20 жасында құрамада Аргентинамен болған әлем чемпионатының финалында "қол құдайы" голын жіберген қақпашы. Дәлірек айтқанда Англия әлем чемпионатында Аргентинадан 2:1 есебімен жеңілген кезде Мараддонаның қолмен салған голын жіберген қақпашы. Шилтон Англия футбол тарихында алтын әріппен қалып келе жатқан жалғыз футболшы. Өйткені Питердің рекордын әзірге ешкім бұза қойған жоқ. Сондықтанда Ағылшындардың "алтын қолды" қақпашысы атанып кеткен. Дэвид Бекхэм-115 ойын, 1996-2009. Ұмытылмас жартылайқорғаушы, клубтық карьерасын аяқтағанына бірнеше айдың жүзі болғанымен, ұлттық құрамадағы карьерасын ресми түрде аяқтаған жоқ. Бекхэм әлі де болса Англия құрамасының ойыншысы болуға кеш емес. Бекхэм бұрын "қызыл сойқандардың да", "үш басты айдаһарлардың" дарынды көшбасшысы болды. Оның алыстан тепкен соққысы, бұрыштамадан әуелете көтерген добы, финттері ұмытылмастай қалды. Бекхэм футбол саласында ғана із қалдырсада, басқа салаларда да көзге түсті. Мысалыға сән әлемі, қайрымдылық қоры, журналдарға шығып тұрды. Дэвид осылайша бұл тізімнің екінші сатысында тұр. Бұлда бір жетістік. Бобби Мур-108 ойын, 1962-1973. Ағылшын футболының тарихындағы ең талантты қорғаушы әрі капитан. Сонау 1966 жылы ӘЧ бағындыруға үлес қосқан футболшы. Сол финалда Бобби ерекше көзге түскен еді. Қазірде Бобби Мурдың ескерткіші Лондон қаласының "Уэмбли" стадионының алдында тұр. Атақты Пеле айтқан сөзінде "маған қарсылас танытқан ең мықты қорғаушы ол-Бобби" деген еді. Мур карьерасының 16 жылын "Вест Хэмге" арнаған еді. Сол жылдардың ішінде команданы алға сүйреп талай жетістікке жетті. Бобби Мур XX ғасырдың ұлы қорғаушысы. Бобби Чарльтон-106, 1958-1970. Англия құрамасының тарихындағы ең мықты сұрмерген, өйткені солай болды, әр уақытты дарынды футболшы болды. 1958 жылғы Мюнхенде болған әуеапатында аман қалып, кейін "МЮ-дің" әрі Англия құрамасының батыры атанды. Ең алғаш ЧЛ кубогін және ӘЧ алып берді. 1966 жылғы ӘЧ-да ерекше гол салып бұл мундиальды жеңуге септігін тигізген футболшылардың бірі. Сондықтанда Боббиге "сэр" атағы берілген. "МЮ" сапында 20 жыл ойнап 606 матчқа қатысып рекорд орнатқан еді, кейін бұл қаймағы бұзылмас рекордты Райан Гиггз 2008 жаңартқан еді. Чарльтон 1966 жылы "алтын допқа" ие болып көптеген заттар Боббидің атында. Соның ерекше бір түрі "Чарльтон футбол клубы" . Сондықтанда Бобби Чарльтон Ұлыбританияның сыйлы адамы. Билли Райт-105 ойын, 1946-1959. Бұлда бір талантты қорғаушыңың бірі. Футбол тарихындағы ұлттық құрама сапында алғаш 100 матч өткізген футболшы. Әрі алғашқы 100 матч өткізген капитан болды. Клубтық карьерасының барлығын "Вулверхэмптон" сапында өткізді. 13 жыл бойы Англия құрамасының капитаны атанды. Ал "Вулверхэмптон" қатарында 490 ойын өткізіп тарихта қалды. Ал бапкерлік мансабын тек "Арсеналда" өткізді. 70-ке келген шағында дүниеден өтті. Саламат Оңалдықов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×