"Арсенал" тарихындағы ең қымбат ойыншы

15.09.2013, 22:39
"Арсенал" тарихындағы ең қымбат ойыншы
Лондондық "Арсенал" клубы қаншама талантты ойыншыларды шығарды. Лондон қаласының "зеңбірекшілер" атанған канониорлар қазірде зеңбіректерінің қопарғышы жарты жолдан ғана жарылып келіп жүр. Ал ойыншыларына келер болсақ кіл мықтылар. Командалық ойынды тек "Арсеналдан" көргендей боласың. Неге дейсіз ғой, өйткені, "зеңбірекшілердің" футболшылары қандай дода болсын команда болып ойнайды. Ендігі кезекте "Арсеналдың" қымбат ойыншыларына берсек. Месут Өзілді "зеңбірекшілердің" қатарына қосылады деп кім ойлаған. Кенеттен лондондық клубқа ауысқан әлемнің ең үздік плеймекерін мадридтік "Реалдың" бұл өрескел қателігі десекте болады. Бұған мадридтік команданың жанкүйерлері өте қатты ызалы, тек жанкүйерлер ғана емес клуб құрамындағы ойыншыларда өкпелі көрінеді. "Королдік клуб" не жоғалтты дейсіз ғой? Өзілдің пастарын, алдауын, голдарын жоғалтты. Ал "Арсеналға" бұл үлкен сыйлық болды. Жоғарыда айтып кеткендей бұл клуб командалық ойын көрсетеді деп, енді командалық ойынның моторын қыздыратын футболшы келді. Өзіл "зеңбірекшілердің" жаңа көшбасшы және клуб тарихындағы ең қымбат футболшы. Месуттің трансферлік құны 42,5 млн. фунт. Команда тарихында бұндай сомма болмаған. Ал Өзіл осы сомманы ақтайды деп ойлаймыз. Андрей Аршавин орыстардың ең мықты футболшысы десекте болады. Бір кездері "Арсеналдың" мықты футболшысы болған, ал кейінгі жылдары негізгі құрамнан қалып, қосалқы құрамды қанағат тұтқан Андрей ақыры клубтан кетіп тынды. Қазірде туған өлкесі "Зенитке" қайтып келді. Аршавин канониорлықтардың қатарына 2009-жылы қысқы трансферлік маусымда петерборлық "Зениттен" 15 млн. фунтқа келді. Лондондық клубқа келген бойдан атой салып ағылшын футболын аузына қаратты. "Ливерпульмен" болған ойында 4 гол салып яғни "покер" жасап Еуропаны таңқалдырған еді. Ресей футбол тарихында өшпестей із қалдыратын футболшының бірі. Ал одан кейінгі жылдары Аршавин құрамнан көрмейтін болдық, ара-тұра шығып тұратыны болмаса, ал осы маусымда футболшыны мүлдім көрмедік десекте болады. Неге екені белгісіз болып қала берді. Бұлда Арсен Венгердің бір қателігі. Не дегенмен де Андрей Аршавин "Арсеналдың" да, Ресей футболыныңда үздік футболшыларының бірі болды, әлі де болады деп сенемін. Сильвен Вилтор бұлда бір "зеңбірекшілердің" жарқын жүзді футболшыларының бірі. 2000-жылы "Арсенал" бұл футболшы үшін бюджетінен 13 млн. фунт жұмсады, әрі Сильвен бұл сомманы ақтады. Бет әлпеті Анриден аумайды десекте болады ойын мәнері де бір-біріне ұқсас болды. ЕУРО-2000 додасында Вилтордың бағы оттай жанды. Футболшының ойын мәнерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Францияға бұл титулды жеңіп алу үшін септігін тигізген футболшылардың бірі. Сильвеннің жойқын соққыларын көрген қақпашылардың құты қашатын болған еді. Вильторда Аршавин секілді клубтан 2004 жылы кеткен еді. Хосе Антонио Рейес "Арсенал" қатарына 2004 жылы "Севильядан" 13 млн. фунтпен қосылған болатын. "Зеңбірікшілердің" футбол тарихында үлкен орын алатын футболшының бірі. Шабуылда да, қорғаныста да жақсы көзге түскен болатын. Әсіресе сол жақтағы алаң орнында (позицияда) жақсы қырынан таныла білді. Хосе Антония лондондық клубта 3 жыл ғана доп тепкеннен кейін мадридтік "Реалға" ауысқан еді. Ал Испания ұлттық құрамасына 2003 жылы қабылданып 21 ойынға қатысып 4 гол соққаннан кейін 2006 жылы құрамаға ілінбей қалған еді. Қазір алғаш клубтық карьерасын бастаған "Севильяда" қайта өнер көрсетуде. Саламат Оңалдықов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×