Ағылшынның «Эвертон» ФК қақпашысы «Болтонға» гол соқты

05.01.2012, 19:23
Ағылшынның «Эвертон» ФК қақпашысы «Болтонға» гол соқты
Белгілі голкипер Тим Ховард ағылшын футболының тарихында англияның 20-сыншы Премьер-лигасында «Болтон» қақпасына гол соғуымен қалатын болды, деп хабарлайды Sport.ua. ақпараттық сайты. Өзінің айып алаңынан қақпашы шығара тепкен доп бүкіл алаң үстімен ұшып барып, газонға соғылды да, қарсыластарының қақпасына еніп кетті. «Болтонның» қақпашысы оқиғаның мұндай аяқ астынан бола қалатынын, әрине, күткен жоқ. Дегенмен, түпкі нәтижеде Эвертонға бұл көмектескен жоқ. Есеп 2:1 болып, «Болтон» жеңіске жетті. Ховард Премьер-лигасында қарсыластар қақпасына доп енгізіп, ерекшелене білген ағылшындар тарихындағы төртінші қақпашы болып табылады. Бұған дейін Петер Шмейхель, Пол Робинсон және Брэд Фридель сияқты голкиперлер қарсыластар қақпасына доп енгізген болатын. BNews.kz сайтынан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×