Айбол Әбікен үш жылға футболдан шеттетілді

22.06.2022, 22:10
Бұған дейін допингпен ұсталған футболшыларымыз екі жылдық дисквалификация алған еді.
Айбол Әбікен үш жылға футболдан шеттетілді

Қазақстан құрамасы мен «Ақсу» клубының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен допинг қабылдауына байланысты футболдан үш жылға шеттетілді, деп хабарлайды инсайдер Владимир Жарков өзінің телеграм арнасында.

Әбікен допинг-тесттен Қазақстан құрамасының басқа ойыншыларымен бірге наурыз айының соңында Ұлттар лигасындағы Молдовамен болатын плей-офф матчы қарсаңында өткен еді. Сараптама нәтижесінен бейхабар болған 25 жастағы жартылай қорғаушы екі кездесуде де алаңға шығып, ұлттық құраманың жеңісіне өз үлесін қосты. Сәуірде Әбікен «Ақсу» сапында үш ойын қатарынан гол соқты. Ал мамыр айының басында оның қанынан тыйым салынған мельдоний препаратының табылғаны белгілі болды.

Айбол Әбікен осы маусымның басында «Қайраттан» «Ақсуға» жалдау шарты бойынша ауысқан еді. Содан бері Премьер-лигада жеті матчқа қатысып, үш мәрте мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, бұған дейін «Аль-Айнда» өнер көрсеткен Бауыржан Исламхан мен «Тобыл» қорғаушысы Руслан Валиуллин допинг дауына байланысты екі жылға футболдан шеттетілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×