Әйгілі "Милан","Интер" және "Наполи" футбол клубтары күдікке ілікті
25.06.2013, 22:00
Астана. 25 маусым. Baq.kz – Италияның салық полициясы бүгін елдің 41 футбол клубының құжаттарын тәркіледі, деп хабарлайды sport-express.ru агенттігі.
Тергеушілерді қызықтырып отырған дерек, ол-футболшыларды сату және сатып алу келісім шарттары. Құжаттарды тексеріп болған соң, полициядағылар, клубтарды "салықтан жалтарды" және ақша жымқырды деген жаланың өтірік, расын анықтамақ. Тергеуге Италияның Жоғарғы футол Лигасы-"А-Сериясындағы" 18 клубы ілігіп отыр. Бұдан өзге, тергеушілер "Б-Сериясындағы" 11 команданы, сонымен қатар, Италияның дәрежелі футбол лигаларының 12 ұжымын тексермек. "Милан","Интер" және "Наполи" секілді әйгілі футбол клубтарында тергеушілер сұрақтың астына алуда.