Бүгін, 29 сәуірде «Вест Хэм» мен «Айнтрахт» арасында Еуропа лигасының бірінші жартылай финалдық ойыны өтті. Командалар Лондондағы Олимпиадалық стадионда кездесіп өзара мықтыны анықтады.
Бірінші минутта Рафаэль Борренің пасынан кейін Ансгар Кнауфф есеп ашты. 20 минуттан кейін ямайкалық шабуылшы Майкл Антонио Курт Зуманың пасын ұтымды пайдаланып, тепе-теңдікті қалпына келтірді. Дегенмен, екінші таймда Дайчи Камада мергендік танытып, «Айнтрахтқа» жеңіс сыйлады.
Параллель өткен матчта «РБ Лейпциг» «Ред Булл Арена» стадионында «Рейнджерсті» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Жалғыз голды кездесу соңында қорғаушы Анхелиньо соқты.
Командалар арасындағы қарымта матчтар 5 мамырға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET