«Ливерпуль» Юрген Клоппен келісім-шартты ұзартты

29.04.2022, 03:25
Жаңа келісім-шарт мерзімі 2026 жылға дейін есептелген.
«Ливерпуль» Юрген Клоппен келісім-шартты ұзартты

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп клубпен келісім-шартын ұзартты.

Сондай-ақ «Ливерпуль» неміс маманының көмекшілері Пепейн Лейдерс пен Петер Кравицпен де жаңа келісім-шартқа отырды. Журналист Дэвид Орнштейн Клопп пен оның бапкерлік штабы мерсисайдтық клубта 2026 жылға дейін жұмыс істейтінін хабарлады.

Кеше, 27 сәуірде УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойында «Ливерпуль» «Вильярреалмен» кездесті. Ойын Ливерпульдегі (Англия) «Энфилд» стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×