Магомед Адиев «Шахтерден» кетеді

29.04.2022, 00:56
Ресейлік маман екі жерде жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
Магомед Адиев «Шахтерден» кетеді

Ресейлік маман Магомед Адиев «Шахтер» клубы пен Қазақстан ұлттық құрамасындағы қызметтерін біріктірмейтінін айтты.

«Мен бар назарымды ұлттық құрамаға аударамын. Ал Емельянов бірінші айналым біткенше «Шахтерде» жұмыс істейді», - деді Адиев.

Айта кетейік, Константин Емельянов қарағандылық клубта Магомед Адиевтің көмекшісі болып жұмыс істеді. 52 жастағы қазақстандық маман «Шахтерде» жаңа бапкер келгенше қызмет етпек.

Еске салайық, бұған дейін Адиев 29 сәуір күні Қазақстан футбол федерациясымен келісім-шартқа отыратынын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×