Айтыс: Қазақ футболы

05.10.2011, 05:12
Айтыс: Қазақ футболы
Нуржан Туғанбай: Айтысқа шығайын деп Абекеңмен Түрейін балағымды, жеңімді мен Қазағымның футболын әнге қосып, Табайын Абекеңнен теңімді мен Қазағым допты теуіп қуантқалы Есімде қаншама рет жылатқаны Егенмендік алғалы біріншілік Талай туды көтеріп құлатқаны. Жиырма жылда футболым не көрмеді Қылышын кейбір бапкер тек сермеді Айтшы қане Абеке не көрдің сен Қазақ үшін доп теуіп кім терледі? Абай Сариев: Нүреке жеңіңізді түріпсіз ғой Жүрекке мұңлы өлеңді түйіпсіз ғой Асықпаған арбамен қоян алар Шыдаңыз қазағымда болады той Келісем құрамамыз жылатты да Жүректі қорқыныштан тулатты да Әйтсе де қуантқан да кезі болды Қарсыласты оңдырмай сұлатты да. Азияда жүрдік біз біраз жылдар Етігіміз болды ғой аяқта «тар» Сол кезде құрамада терлегендер Әлі күнге туғызар көп сұрақтар Одан кейін ауысқан Еуропада Басымыздан өтті ғой талай дода Кіл мықтылар ойнады құрамада Ұтылысым ұтыстан көп болса да. Дейсің сен қазақ үшін кім терледі Пайперстің жасағы жүз ерледі Өліспей беріспейтін Саматтардан Ұпай үшін қарсылас көп терледі Нуржан Туғанбай: Азияда талай жыл бос кетті ме Талай жігіт доптарын бос тепті ме Пайперстің ерлігін айтып өттің Басқа елдің еңбегі еш кетті ме? Айтсаң қосып айтсайшы ерлеріңді Жұртың жемес мақтаған еңбегіңді Саматқа қосып айтар ешкім жоқ па Болмаса айтсай артқа кім шегінді. Нұрболың, Русланың бар Давидтерің Жасыл шөпте ән айтар Ақан серің Бельгия мен грегті састырғанда Жан сауғалап кеткен ед, сербтерің Рас кейде ойсырата ұтылдықта Үш гол еніп кейде оңай құтылдықта Бәрін айтта түрікті айт оңдырмаған Торға еніп алты добы жыртылдықта.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×