Әкенің баласы болма, ХАЛКтың баласы бол

26.12.2012, 05:06
Әкенің баласы болма, ХАЛКтың баласы бол

Халктың Ресейдегі өкілдерінің бірі Диней Силва «Советский спорт» газетіне берген сұхбатында, бразилиялықтың Ресейдегі күндері мен бас бапкермен Миландағы ойында келіспеушіліктер жайында әңгімелесті. -Әрине, «Зенит» Халктың келісім-шартының мезгілінен бұрын үзілмеуін қалайды. Дәл сондай ой футболшының өзінде де бар. Петерборда Халкты өте жақсы күтіп алды. Және ол жанкүйерлерге алғысы шексіз. Ал қазіргі таңда Халк пен Лучано Спалеттидің арасындағы келіспеушіліктер, бұл тек қарапайым ғана өмірде де футболда да кездесетін жәйттар. Халк үшін «Зенит» сапында өткізген әрбір минут бағалы. Өйткені біздің тарлан әлі де болса Ресей премьер-лигасына толықтай сіңісіп кете алмады. Тағы да айта кетерім, ойыншы «Портуда» жүргенде оған барлық жағдайлар керемет жасалатын еді. Жанкүйерлер Халкты команданың идолы ретінде, құтқарушысы ретінде қабылдайтын. Алайда, оны «Зениттің» басшылығы қатты таң қалдырды. Өйткені бразилиялық Нева жағалауының командасының сапына ену үшін орыстар барлық тәуекелдерге барды. Міне, сол үшін командаға ертерек сіңісіп кетіп, өзіне берілген үмітті ақтауға тырысады-деп мәлімдеді. Ағымдағы жылдың жаз айның соңғы күнінде ғана дәл осы Халкты өздеріне алып үлгерген «Зенит» басшылығы биыл Чемпиондар лигасының маусымында бразилиялықпен бірге бақытқа кенелеміз деген болатын. Бірақ, өкінішке орай 60 млн еуроға ауысқан Халк биыл команда үмітін ақтай алмады. Десе де алғашқы күннен-ақ, командаға келіп сіңісіп кету қиынның қиыны. Халкқа уақыт керек. Келесі жылғы масуымда футболшы өз сенімін ақтауға барынша тырысады. Қайткен күнде де жылыжай Португалиядан қарлы Ресейге қоныс аударған Халк тіпті өз сенімін ақтамаған күннің өзінде өз қалтасын қампайтып алары сөзсіз.

Алмат БАҚЫТЖАН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×