Қайтқан малда береке бар немесе өзге елде сұлтан болғанша...

26.12.2012, 02:49
Қайтқан малда береке бар немесе өзге елде сұлтан болғанша...
Кезінде жасындай жарқылдаған Робинью футбол әлеміне аяқ басып келе жатқан шағында, футбол королі Пеленің өзі «мына бала менің ізімді жалғатырады» деп айтып әлем назарына жаңа супер ойыншыны таныстырып еді. Аяқдопшының қарқынына қарағанда жалғастыратындай басталған... Бірақ, еуропаның бірнеше азулы командаларында ойнаған ойыншы ортаңқол футболшылардың деңгейінен ары аса алмады. Бағы мен бабы қатар шаппаған Робинхо бүгінде кәрі құрлықта Миланның сапында доп теуіп жүр. Алайда көптеген бразилиялықтар секілді футбол карьерасының аяқталар тұсында отанына қайтқанды жөн көретін отандастары секілді «екінші Пеле» де бабалар салған сара жолмен өз мемлекетіне қайтпақшы. Абай атамыздың «Дүние есігін өлеңмен ашар адам, өлеңмен дүниеден кетер адам» демекші, Бразилиядан қыруар қаржыға еуропаға келген футболшы, орда бұзар жасында өз отанына тағы да қаржыға сатылып бара жатыр. Бразилиялық «Фламенго» футбол клубы «Миланның» басшылығымен келіссөздер жүргізуде. Робиньо үшін итальяндық командаға 10 млн еуро беруге дайын екенін де жеткізіпті. Ойыншының трансферлік құнын әйгілі ADIDAS компаниясы төлейтін болыпты. Оның алдында тағы да бразилиялық «Сантос» клубы ойыншының қызметі үшін 6 млн еуро ұсынған болатын. Бірақ, ақшаны артық көрмейтін итальяндықтар футболшыны еліне «арзанға» қайтарудан бас тартқан. Қайтқан малда береке бар демекші, енді Робиньо өз үйіне, туған-туыс, дос-жарандарының жанында болмақ.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×