Басына "бақ" орнаған аяқдопшы

28.12.2012, 01:48
Басына "бақ" орнаған аяқдопшы

Маруа́н Феллайни́-Баккиуи́ 1987 жылдың 22-ші қарашасында Бельгияның Эттербек қаласында дүниеге келген Маракколық  ойыншы. Маруан аладоппен жеті жасынан бастап айналыса бастаған. Алғаш  «Андерлехт» академиясына қабылданып үш жыл сол командада жатығады. 10 жасқа толғанда, «Монс» клубына ауысты. Футболды серік етіп, теңбіл допты әжептәуір меңгере бастаған жасөспірім шағында «Буссу Дур Боринаж» және  «Шарлеруа» командаларында өнер көрсетті. 2005 жылы 17 жасында  Льеждің «Стандард» командасына ауысты. Бұл команда талай дарындарды тәрбилеп шығарып жұлдыздар қатарына қосатын клуб екені әлемге әйгілі.Аксель Витсельда кезінде осы клубта тер төккен.

Негізгі құрамға тек 2 жыл өткесін қана ілігеді. 2006-2008 жылдар аралығында 84 ойында  11 рет  мергендігімен көзге түседі. Осылай жарқылдап келе жатқан 21 жасар жартылай қорғаушыға әлемнің үздік клубтары қызығушылық таныта бастайды. Күннен күнге трансферлік бағасы жоғарылайды. 2008 жылы жазғы трансферлік аусымда Ливерпульдік «Эвертон» шапшандық танытып, 15 млн фунт стерлингке сатып алып, 5 жылдық келісім жасаған болатын. Дебютік алғашқы кездесуін 14 қыркүйек күні «Сток ситиге» қарсы өткізді. Бұл кездесуде 3:2 есебімен аса қиындықпен болса да  «Эвертон» жеңіске жеткен еді. Маруан алғашқы голын бесінші қазанда ньюкаслмен өткен ойында соғады. Осылай Бельгиялық жас пері алғашқы жылында  35 ойын өткізіп, 9 гол соқты. Сол жылы команданың ең үздік жас ойыншысы атанды.

         Келесі маусымда Маруан Фелайни команданың негізгі көшбасшыларының біріне айналды. Жарқын ойын үлгісімен барлық жанкүйерлерді өзіне тәнті ете білді. Бірақ, адамның ойлағаны емес, алланы дегені болады ғой, жарақат деген футболшылардың қас жауы Маруанды да айналып өтпеді. «Эвертон» үшін ең қызықты әрі қиын, жан алысып-жан берісетін кездесу ол әрине Мерсисайдерлік дерби екені айдан анық. Алтыншы ақпанда өткен сол кездесуде Маруан аса ауыр жарақат алып, маусым бойы кездесулерді алаң сыртынан тамашалауына тура келді. 2010/11 жылғы маусымда негізгі құрамға қайта оралып, 2011 жылдың 17-шы қаршасында  жаңадан бес жылдық келсім шартқа отырды.

         Ұлттық құрама сапында  2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы олимпиада ойындарында қатысып, командасы төртінші орынға табан тіреді, 3-ші орын үшін өткен ойында Рональдинью бастаған Бразилия құрамасынан ұтылған болатын.

Алғашқы ұлттық құрама сапына 19 жасында алынып,бірінші голын 2007  жылыдың 24 наурызында  ЕУРО-2008 ірітеу кезеңінде Бодуэн корольі атындағы стадионда Криштиану Роналду бастған Португалия жұлдыздарының қақпасына соққан болатын.

Ұлттық құрама сапында 37 кездесу өткізіп, 5 гол соққан. 12 жеңіс, 9 тең ойын, 16 жеңіліс.   Жетістіктері:
  • «Стандард»
  • Бельгия чемпионаты
  • Чемпион (2): 2007/08, 2008/09
  • Бельгия кубогі
  • Финалист (1): 2006/07
  • Бельгия суперкубогі
  • жеңімпаз(1): 2008
 
  • «Эвертон»
  • Англия кубогі
  • Финалист (1): 2008/09
 

Жек жетістіктері

Бельгия чемпионатындағы ең үздік африкалық футболшы (1): 2008 Ең үздік жас ойыншы ФК «Эвертон» (1): 2008/09

Биылғы маусым Маруан Феллайни  үшін сәтті басталды. 15 кездесуде  8 доп соқты. Чемпионаттың көшін бастап келе жатқан қос «манчестерлік» командаға да жалқы допты осы жігіт салған болатын. Қазіргі кезде Темза өзенінің жағасында Бельгиялық талай таланттар доп теуіп жатыр, Муса Дембеле, Эден Азар, Венсан Компани, Томас Велмален, Кристиан Бентеке сияқты жұлдыздардың ішінде Маруанның шоқтығы бәрінен биік.

                           Бек Төлеуов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×