"Қайсардың" қарызы — 180 миллион теңге

28.12.2012, 03:13
"Қайсардың" қарызы — 180 миллион теңге
2012 жылдың 27 желтоқсанында Астанада өткен Атқару комитетінің отырысында бірқатар мәселелер талқыланып, мынадай шешімдер шығарылды: I. "Қайсар" футбол клубының ел біріншілігіне қатысатыны немесе қатыспайтындығы туралы мәселе әлі толық шешілмегендіктен Премьер лига мен бірінші лига додаларына қатысатын командаларды бекіту мерзімі 2013 жылдың «02» ақпанына шегерілді. II. Сертификациялау ережесіне өзгерістер енгізілді. 2013 жылы әр футбол клубтың өз заңгері болуы тиіс. Сондай-ақ, клуб маркетологтарына қойылатын талаптар да өзгертілді. III. Қазақстан футбол федерациясының 100 жылдығына арналған логотипі бекітілді IV. ҚФФ-тың аясындағы барлық іс-шаралар Қазақстан футболының 100 жылдығына арналады. Михаил Гурман, Кәсіпқой футбол лигасының (КФЛ) төрағасы: — Кәсіпқой футбол лигасы ҚФФ Атқару комитетіне "Қайсар" футбол клубында орын алған жағдайды қарап, талқылауды ұсынды. Бұл клуб футболшылары мен қызметкерлеріне бас-аяғы 180 млн. теңгедей берешек болып қалған. Қарыздарды қайтару процессі басталған да жоқ. Қызылорда облысының 2013 жылғы бюджетінде "Қайсар" футбол клубының келер жылғы қаржысы әлі бекітілмеген. Әлі күнге дейін "Қайсар" келесі жылғы біріншілікке алаңсыз қатысуға кепіл болатын қаржылық жағдайын бізге ұсынбады. Осы проблемаға байланысты КФЛ келесі жылғы ел біріншіліктеріне қай командалардың қатысатындығын, сондай-ақ, Премьер-лига мен бірінші лиганың қандай жүйеде өткізетіндігін анықтай алмай жатыр. Осы мәселе КФЛ регламентін бекітуге кедергі болып тұр. Қызылордалық клубқа 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін уақыт берілді. Сол кезге дейін "Қайсар" басшылығы клуб болашағының қандай боларын анықтауы тиіс. Егер жаңа жылға дейін жағдай өзгермесе, юұл клуб келер Премьер-лигада өнер көрсету құқығынан айрылады. "Қайсар" футбол клубына байланысты соңғы үкім ҚФФ Атқару комитетінің 2013 жылғы 2 қаңтарындағы отырысында шығарылады. алашарена сайты
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×