
Бұл бүгінгі күннің ғана емес, жалпы осы турдың негізгі ойыны.
Мамырда керемет қарқын алып, көш бастаған «Ақтөбе» осы айда білгенінен жаңылуда. Вячеслав Левчуктің командасы соңғы үш турда екі рет жеңіліп, бір рет тең түсті. «Қайратпен» болған сәтсіздікті түсінуге болатын болса 1:2, «Жетісу» мен «Қызыл-Жарға» қарсы кездесулердегі нәтижені ақтөбелік жанкүйер көңілінен шығады дей алмайсыз. «Қызыл-ақтар» 13 турдан кейін 26 ұпай жинап, төртінші орынға жайғасқан. Егер осы айдағы сәтсіз серия болмаса, команда қазір әлдеқайда жоғары орналасатын еді. Бірақ, өкінгенмен не пайда? Тезірек ес жиып, есені қайтару керек, әсіресе Еуропа Лигасы тақалған шақта. Енді ақтөбелік клубқа осалдық таныту жараспайды.
«Астана» керісінше соңғы кездері сұрапыл ойынымен есте қалуда - «Жеңіс» пен өткен турдағы «Оқжетпеске» қарсы бәсекедегі камбэктің өзі неге тұрады?! Астаналық ұжымның ерік-жігері жоғары дәрежеде. Жалпы, ҚПЛ-дің топ-клубы соңғы 4 матчта 12 ұпай олжалаған. Енді бүгін Григорий Бабаян шәкірттері бірінші айналымды сенімді жеңіспен қортындылауға тырысады. Елордалық клуб үшін де жауапты кезең - команда Конференциялар Лигасының іріктеуінде бақ сынайды.
Бұл ойын голға бай болмайтын секілді. Сондықтан, кездесудің жалпы тоталы 2.5-тен аз болады деп болжаймыз. Fonbet.kz кеңсесінде бұл нұсқаға 1.82 коэффициентімен бәс тігуге болады.
Біздің серіктес: FONBET