«Қайсар» - «Ұлытау» кездесуіне болжам

22.06.2025, 14:54

Бүгін премьер-лигада екі ойын болады. 

«Қайсар» - «Ұлытау» кездесуіне болжам
«Қайсар» футболшылары голдарын тойлауда

Соның бірі Қызылордада өтеді. «Қайсар»  турнирлік маңызы жоғары матчта «Ұлытауды» ұтып, жағдайын жақсарта түсуге тырысады. Виктор Кумыковтың командасы соңғы төрт ойында 6 ұпай еншілеген және ең бастысы жеңілмей келеді. Дегенмен, ол төрт матчтың ішінде тек «Тобылды» фавориттер қатарына жатқызуға болады (Тобылмен 1:1). Қалғандары «Жетісумен» - 2:2, «Атырау» - 2:1 мен және де «Тұранды» 1:0-мен ұтқан болатын. Енді бүгін тағы бір деңгейлес қарсылас «Ұлытауға» қарсы өнер көрсетеді. 

«Ұлытау» үшін де соңғы ойындар сәтті өтуде - соңғы үш турда 9 ұпайды қанжығасына бөктерді. Жезқазғандық ұжым осындай табысты кезеңнің арқасында турнирлік кестеде сәл жоғарылады. Иван Азовскийдің командасы қазір 12-орында. Егер бүгін қатарынан төртінші жеңісін тіркесе, бірден үш саты көтерілетін мүмкіндігі бар. Қызылордадағы ойынның осындай маңызы жоғары болып тұр. Жезқазғандық клубтың бапкерлік құрамы да мұны жақсы түсінеді, сол үшін команданы біраз қамшылайтыны анық. 

Біз бұл кездесуде екі жақ та аянып қалмайды және гол көп соғылады деп топшылаймыз. Матчтың жалпы тоталы 2.5-тен көп болуы керек. Fonbet.kz бұған 2.20 коэффициент береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×