“Ақтөбе” сырт алаңда “Қайратты” сенімді жеңді

ҚПЛ бүгінге жоспарланған орталық кездесуінде ақтөбеліктер алматылықтардан бір бас жоғары болды.

“Ақтөбе” сырт алаңда “Қайратты” сенімді жеңді

Орталық стадионда өткен матчтың алғашқы голын “Ақтөбе” соқты. Кездесудің 40 минутында бас төреші Данияр Сахи “Қайрат” қақпасына пенальти белгіледі. Ал 11-метрлік нүктеге келген Әлібек Қасым өзіне берілген мүмкіндіктен мүлт кетпеді. Айта кетейік, Қасым алматылық “Қайраттың” түлегі. Бірінші тайм осылайша қонақ команданың жалғыз соғылған голымен аяқталды. Бар қызық екінші тайм басталғанда орын алды. Қос команда бір-бірінің қақпасын торуылдап өз сәтін күтумен болды. Сондай сәттердің бірінде Максим Самородов сұрмергендегімен көзге түсті. Бессмертныйдың пасын оңтайлы қолданған ойыншы өз командасының есебін еселеді. Біршама уақыт өткеннен кейін Максим тағы да гол соқты. Қақпа алдындағы қарбалыстан жеңімпаз болып шыққан ойыншы ашық қақпаға допты бағыттай салды. Жанкүйерлері үшін бір гол соғуда күдерін үзбеген “Қайрат” матч соңына қарай өз дегеніне жетті. Алыстан асырылған допқа бірінші болып жеткен Дмитрий Сергеев есепті 3:1 жеткізді. Алайда бұл гол “Қайратты” жеңілістен сақтап қалмады.

Айта кетейік, алматылық клубтың басшысы Қайрат Боранбаев аталған ойынға арнайы қонақ ретінде “Челси” мен “Лион” командаларында доп тебумен танымал болған Флоран Малуданы шақырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×