Бағдат Қайыров
«SPORT+» арнасының мәлімдеуінше, ақтөбенің әмбебап ойыншысы Бағдат Қайыров павлодарлық «Ертіске» ауысуға жақын.
Қазір тараптар соңғы детальдарды талқылап жатқан көрінеді. 32 жастағы қорғаушы биыл ҚПЛ-де «қызыл-ақтар» сапында 10 ойынға қатысып, 1 голдың авторы атанған. Футболшының ақтөбелік ұжыммен келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 275 мың еуро.
Айта кетейік, «Ертіс» сондай-ақ, «Астананың» жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов пен қорғаушысы Дмитрий Шомкоға да қызығушылық танытуда. Ринат Алюетов жаттықтыратын павлодарлықтар Бірінші лигада 10 турдан кейін 21 ұпаймен екінші сатыға жайғасқан. Кеше «Ертіс» сырт алаңда «Түркістанды» 7:1 есебімен тас-талқан еткен болатын.