Аладопта "Аламан бәйге"

25.09.2011, 18:53
Аладопта "Аламан бәйге"
Аладопта Айтыстан "Аламан бәйге"  ұйымдастырылуда. Өткен аптада ақтөбелік Есет Төлешті ұтқан қарағандылық Абылай Қарин бұл жолы атыраулық жас айтыскер Ризуан Азаматпен айтысқа түскен болатын.  Еуропаның қос барысын сөзге қосқан қазақтың қос ұланының  сөз жарысын назарларыңызға ұсынып отырмыз!!! Абылай Карин: Ел аман ба, жер аман ба бауырым? Бастайықшы асыл сөздің дауылын. Айтыспенен жарысайық, сөзбенен, Қамшылайық арғымақтың сауырын.... Азамат Ризуан : Баста десен бастайын сөз жарысын, Шабытыма ақыл мен ой дарысын, Барса мен Мю ды баяндайық, Сөзге қосып Еуропаның қос барысын. Абылай Карин: Бұл екеуі қос терек шыңға біткен. Әрдайым қарсыласын жүндей түткен. Барсадан өз айласын асыра алмай, Кейіңгі жыл Фергюсон мұңға біткен. Азамат Ризуан: Мю Барсаны әлі жапырады, Сэр Алэкс бұндайды қатырады, Соңғы ойын Қызыл сойқан ұтып еді, Ендігі де айласын нық асырады . Абылай Карин: Соңғы ойын жолдастық болды емес пе? Санаулының есінде ол қалды емес пе? Оны айтпай Чемпиондар Лигасын айт, Нағыз ойын сол кезде болды емес пе? Манчестердің әлі жетпей Блаугранаға, Қос қанаты сол матчта талды емес пе? Азамат Ризуан : Бір ойынды сынға алып қарамайық, Ойыншыларын қос клубтын бағалайық Барселона «симуляттар» клубы ғо , Ойнайды ойыншылары тым "грубо", Төрешілер де бұл қылыққа алданыпты Осыны бетене айтсан бұлданыпты, Осы ғой Барсанын бір осал жері, Алыпты  3 қызылды тонау жылдан бері, Қарсыласы 33 кағаз иеленіпті, Ал осым отірік кой деменізші. Абылай Карин: Серхио бар Барсада көп құлайтын, Кей кезде төрешіге кеп жылайтын. Қатты ма жай ма оны итерсе егер, Жасыл алаң төсінен көп тұрмайтын. Барсаның бар ұжымы еңбекқор ғой. Жетістікке жетуі төккен тер ғой. Финалда гол салғанда Руни батыр. Ойыннан МЮ-лықтар тыс боп жатыр. Финалда Манчестерге көмектесті, Барсалықтар жылады ма, не деп жатыр? Төрешілер аз-кем де қателесет. Ұятсыздар осыны қылған өсек. Бұл сөзді бастаған сол Мадридтіктер, Оларда өтіріктер кесек-кесек Азамат Ризуан : Реалды бұл айтысқа қатыстырма, Голды сосын гол емес деп шатыстырма, Барсаны «симулянт»  деп мойындамай Айтыстың такырыбын ауыстырма. Барса қазір қауқарынан айырылыпты, Деуші, едік клуб қой ол тәйірі мықты, Валенсиядан айласын асыра алмай, Мюға да мүйізін бір  қайырыпты, Ал, Мю қарсыластар шыдатпауда, Алекстін  үмітін нық ақтауда, Нанимен, Рунилер тырысып жүр, Топ басынан Мю-ді құлатпауға. Абылай Карин: Ертерек бол ашпашы сен қарағым, Болашаққа қалайша тез қарадың. "Болмай жатып, болдым деме" - деген Абай. Барсаның үміті бар алдан талай. Сан жылдар соққан қамал мықты болар. Қалайша тез арада гүл боп солар. Әлі-ақ Барса шығар қиындықтан, Байқап сөйле бауырым сен сондықтан. Ақ матада қара жолақ болып тұрар. Ақылың бар жігітсің ғой, осыны ұғар. Шабысын үдетеді асықпастан. Сүйсініп қарайды ел жалықпастан. Манчестерге жеңісте ерте бермеші сен, Демей ме "шіриді ғой балық бастан"! Азамат Ризуан : Мақалды кеп орынсыз тықпаладың, Айтар болсаң әр сөзді нық қадағын, Мюге женісті  бермедім мен, Алдымен ойымды кеп, ұқ қарагым. Шіриді деп қоясын балық бастан, Алдымен дұрыс жауап бер асықпастан, Алекстей бапкері бар Мю-миз, Ұтар талай кубокті еш саспастан Барсаны кеп әйтеуір, қорғаштайсын, Месси мен Хосептерді кеп мақтайсын, Ертерек бал ашпа деп ап аға, Қалай ғана бұл сөзіңнен  тайсақтайсың. Шабысын үдетеді  дейсіз саспай Сөйлеуші едініз ғо бір бал ашпай Қазіргі ойынына жауап бергін Әр затты төкпелетіп асып саспай. Абылай Карин: Өзімшіл, өз-өзіне қатты сенген, Жеме-жемге келгенде өшіп, сөнген. Футболдың тарихинда жазулы тұр, Менмін деген алыптарды талай көргем. Өркөкірек құдайды ұмытады, Қоғамды "боламын" деп ол құрытады. Мессиды мақтамадым, алжастың ба? Пеп жайлы айтпадым ғой, алғастың ба? Қорғанысы ақсап тұр мойындаймын, Көрінеді айдан анық, ойын сайын. Пике мен Карлес келсе сапқа оралып, Жөндейді деп үміттенем оның жайын. Барселона Мессимен шектелмейді, Менмін, сенсің деп олар жіктелмейді. Бір үйдің баласында әрқашанда, "Бірліктінің болашағы өктем" - дейді. Сый жоқ сенде, сөгу ғой бар арманың, Қасиетті айтысты олай былғамағың. Бабамыздан сақталған асылымыз, Келсінші ақылға сай әр тармағың! Азамат Ризуан : Барсаның бетке ұстары осылар деп, Жалпылап  айтқаным ғо сізді ұғар деп, Қатты кеттім расында ренжімеңіз, Бәлкім ағам осыма тосылар деп. Бір уйдің баласындай болған Барса, Карлоска карап қалды мекен сонда, Видич пен Фердинандтан айрылған Неге-оу ұтылмай жүр Мю онда, Ағатай жеңіс туын берші маған, Бермесеңіз озім барып тартып алам, Мю-дин шабуылшысы секілді кеп, Қақпаңа Рунидей мен гол салам. Абылай Карин: Сен Руни болып салсан тамаша гол. Месси, Вилья, Педродай мен де салам. Сол ойында үш те бір болган жоқ па? Қалайша үште бір боп мен ұтылам? Азеке үш те бір боп ұтылдын ба? Ақыры сөзден сен бір тұтылдын ба? Ең бастысы жеңіс емес, халық сыйы, Келіспесең, бағалар олар мұны. Азамат Ризуан : Ол ойында ұтылғанмен сәбилері Басбидің, Аға жолын сұрап тұрған бұл бұл ініңе бас игін, Ат  тұяғын тай басар демей ме  бұл қазақта, Ұтам, бәлкім мен сізді болашақта, Алайда, ағамды ұттым дей алмаймын Ұтылдым деп ағамнан ұялмаймын, Дегенмен қазақпыз ғо, қайран қазақ, Мю-ім Барсаны ұтар деп қиялдаймын Қиялым іске асар деп ойлайм  және, Орындалып жатыр ғо басы әне, Ұтылса да таусылмайтын сөзи көп, Інім екен демеңіз өзі бәле. Абылай Карин: Жоқ бауыр, сен самғар, жас қырансың, Елін, жерін суйетін бір ұлансын. Қанатыңды шынықтыр, самға-самға. Ұша бер кезек-кезек күн мен айга Азамат Ризуан : Иә аға айтканыңыз орындалсын, Өленіңіз айбалтаның жузіндей боп шыңдалсын, Елін сүйер, жерін сүйер ұланымыз көбейіп, Қазақ елін биік шыңға биік шыңға шығарсын. Сөз соңында айта кетеріміз,  айтыстан алдына жан салмай, ала доп ауылын жырға қосқан Абылай Каринмен айтқысы келетіндер ablai__kz@mail.ru - ға хабарласу арқылы сөз жарыстыра аласыздар. Аламан айтысымыздың ендігі тақырыбы:  Қазақ футболының мұң-шерін баяндау.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×