АЛАҢДА ӘРІПТЕСІН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

20.04.2014, 19:32
АЛАҢДА ӘРІПТЕСІН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Украинаның «Днепр» клубының ойыншысы Джаба Канкава өзінің әріптесін аман алып қалды. 
«Днепр» мен «Динамо» Киевтің арасында Днепропетровскіде өткен ойынның 22 минутында «Динамоның» жартылай қорғаушысы Олег Гусевпен соқтығысып қалған ойыншы ауыр жарақат алды.

Қақпашының тізесі Гусеевтің жақ сүйегіне қатты тиіп, ол жерге оңбай баспен құлаған. Сөйтіп оның жақ сүйегі қарасып қалған, сонымен қатар, қатты соққыдан Гусевтің тілі ішке қайрылып кеткен. Оның ес-түссіз жатқанын көрген  Джаба Канкава жүгіріп келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ол екі қолымен футболшының қарысып қалған жағын ашып, дем алуына мүмкіндік берген. Содан кейін ғана барып, Олег Гусев есін жинаған.

–Ол құлаған сәтте мен оның жанында болдым. Сондықтан тезірек көмек көрсетуге ұмтылдым. Мұндай жағдай Грузия құрамасында ойнап жүрген уақытта да кездескен. Сондықтан осындай тосын сәтте қалай істеу керектігін білемін.–дейді Джаба Канкава.

–«Джава Олегтің жағын ашуға күш жұмсап жатты. Мен оны жанымен жатқызып, тілін қайтадан орнына келтіруге тырыстым,– дейді екінші ойыншы Артем Федецкий.–Олегтің тілін қатты тістеп алғаны білінді. Біздің жедел көмек көрсетуіміздің арқасында ол аман қалды». Сөйтіп қос футболшы алаңдағы қарсыласы әрі әріптесі Олег Гусевті осылай аман алып қалған көрінеді.

Берік Бейсенұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
БАЙЛАР ДА ФУТБОЛҒА ҚҰШТАР
Келесі жаңалық
ЕУРОПАДАН ЕЛГЕ КЕЛДІ
Серіктес жаңалықтары
×