Алдан Балтаев "Атырау" сапында жаттығуда

17.01.2016, 18:23
Сыр елі футболының түлегі Түркия елінде жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатырған "Атырау" командасының құрамына қосылды.
Алдан Балтаев "Атырау" сапында жаттығуда
Былтырғы маусымды қызылордалық "Қайсар" сапында өткізген орталық қорғаушы команда ауыстыруды жөн көріпті. Негізі, Алданға "Қайсар" басшылығы тарапынан жақсы ұсыныс болған, дейді ақпарат көздері. Бірінші лигада команда капитаны ретінде өнер көрсетіп, туған жерінің командасын премьер-лигаға қайта алып шығу. Бұған қарамастан Балтаев кезінде "Қайсар", "Ақтөбе" командаларында бірге жұмыс жасаған және өзін жақсы білетін бапкер Владимир Никитенконың қарамағында өз бағын сынап көрмекші. Алдағы уақытта ойыншы мен команда арасында келісім-шарт жасалуы мүмкін. Ол жайында xабардар ететін боламыз. Өткен маусымда "Қайсар" сапында Алдан Балтаев 28 ойын өткізіп, 1 гол соққан.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×