Елдос Ахметов жаңа клуб іздеуде

17.01.2016, 18:25
Елдос Ахметов жаңа клуб іздеуде
Елордалық «Астананың» қорғаушысы Елдос Ахметов мансабын басқа клубта жалғастырмақ. Футболшы елордалық командада алаңға көп шықпайтындықтан, өзіне жаңа клуб іздестіруде. Сондай-ақ, Ахметовке ҚПЛ-дің басқа да клубтарынан ұсыныстар түскен. Алайда қорғаушыға нақты қай командалардың қызығып жатқаны белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, Ахметов өткен маусымда «Астана» сабында 16 матчқа қатысып, Қазақстан чемпионы атанған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×