Александр Меркель Қазақстан құрамасының ойыншысы атанды

02.03.2015, 20:10
Александр Меркель Қазақстан құрамасының ойыншысы атанды
23 жасар швейцарлық «Грассхоппер» ойыншысы Александр Меркель Қазақстан құрамасына ойнауға шешім қабылдады, деп хабарлайды sports.kz. Алматы қаласында туған неміс футболшысы 6-жасынан Германияға отбасымен көшіп кеткен болатын. Штутгарт пен Милан командаларында өнер көрсеткен жас ойыншыны кезінде Ресей футбол федерациясы да шақырған болатын. Бірақ, ойыншы бас тартып келген. Енді, міне ол Қазақстан құрамасын таңдап отыр. Жақын арадағы ойындарда ол алаңға шығып қалуы ықтимал.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×