Александр Седнев: «Біз жеңіс үшін ойнадық, есепті сақтайтын ойымыз да болмады»

30.06.2022, 17:53
Шымкенттік клуб турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Александр Седнев: «Біз жеңіс үшін ойнадық, есепті сақтайтын ойымыз да болмады»

«Ордабасы» клубының бас бапкері Александр Седнев «Ақсумен» болған ойынға (3:0) қатысты пікір білдірді

- Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Ауыр және тең дәрежедегі ойын болды. Матчтың басында біз өзіміздің артықшылығымыз туралы ұмытып кеттік. Біз жеңіс үшін ойнадық, тіпті есепті ұстап қалу туралы ой да болған жоқ. Футболшылар көп күш жұмсады, қазір физикалық тұрғыдан емес, эмоционалды жағынан да қиын. Бірақ мен жеңіске бағытталған агрессивті және шабуылдаушы футболды одан әрі ойнауға күш табамыз деп үміттенемін. Жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткендері үшін, ал футболшыларға барын салғандары үшін үлкен рахмет. Бұл нәтиже мен жеңістер сериясы бізді адастырмайды деп үміттенемін, өйткені бұған дейін бірнеше рет жеңіліс болған. Қазір «Каспиймен» болатын келесі ойын жайлы ғана ойымыз бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×