Алексей Петрушин: «Алтай» футбол клубының құрылуы - Семей футболының жойылуы»

08.01.2016, 23:52
Алексей Петрушин: «Алтай» футбол клубының құрылуы - Семей футболының жойылуы»
Былтыр «Спартактың» тізгінін ұстаған тәжірибелі ресейлік маман Алексей Петрушин «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбтында, жаңа шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубының құрылуы жайлы айтып берді. - Бұл дұрыс емес шешім. Қазақстанда «Спартак» сияқты дәстүрі мен тарихы бар командалар аз. «Алтай» футбол клубының құрылуы - Семей футболының жойылуы. Семей футболға, Өскемен хоккейге арналған қалалар деп ойлаймын. Сондай-ақ, «Алтай» клубының атауы да маған түсініксіз. - Семей басшылығымен бұл туралы сөйлесіп көрдіңіз бе? - Былтыр қала әкімі ауысқан болатын. Бұрынғы әкім Айбек Кәрімов футболды жақсы көретін, үнемі стадионға келетін. Ал қазіргі әкім Ермак Салимовпен бірде-бір рет кездескен жоқпын. Бұған қоса «Спартакта» қаржылық қиыншылық басталды. Соңғы үш айдың жалақысын әлі алмадық. - Жұмысыңызды Қазақстанда ма, әлде Ресейде жалғастырасыз ба? - Қазақстанда қызмет етуге ниеттімін. Әзірге жұмыссыз қалдым, нақты ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Түпнұсқасы: prosportkz.kzaaaaaaaaaaa
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×