Қазақстан жастар құрамасы Гранаткин Мемориалында Эстония жастарымен тең тарқасты

08.01.2016, 23:51
Қазақстан жастар құрамасы Гранаткин Мемориалында Эстония жастарымен тең тарқасты
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Гранаткин Мемориалындағы үшінші ойынын Эстонияға қарсы өткізді. Бұл жолы Ойрат Сәдуовтің командасы Эстония құрамасымен кездесті. Алдымен, ойынның 29-шы минутында «Қайраттың» түлегі Акмаль Бахтияров Қазақстан құрамасын есепте алға шығарды, бірақ араға он минут салып Роберт Лепик есепті теңестірді. Ал ойынның 87-ші минутында Эстонияның ойыншысы Каспер Мутсо пенальтиден есепті 2:1-ге жеткізсе, бір минуттан кейін Әлібек Қасым таразы басын теңестіре алды. Осылайша, кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Гранаткин Мемориалы. В Тобы. 3-ші тур. Эстония – Қазақстан 2:2 (1:1)aaaaaaaaaaa Голдар: Бахтияров 29, Лепик 39, Мутсо 87 (пенальтиден), Қасым 88 Эстония: Валлнер, Виллота, Липп, Мутсо, Падар, Лепик (Каос 73), Ридамае, Кантер (Михайлов 73), Картау (Куусма 56), Сорга, Каннел Қазақстан: Подымский, Мұзарапов, Сарбай (Кусяпов 60), Қасым (К), Бахтияров, Наджарян (Ақынов 83), Попов (Уханов 76), Артюшенко, Өміртаев, Жагоров (Попов 83), Қуанышев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×