Алексей Щеткин: «Соңғы жылдары менде мұндай ауыр жаттығу жиыны болмаған еді»

25.01.2021, 01:46
Щеткин «Ротор» сапында бір жолдастық матчқа қатысып үлгерді.
Алексей Щеткин: «Соңғы жылдары менде мұндай ауыр жаттығу жиыны болмаған еді»

"Ротор" клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ресейлік командаға ауысуы жайлы, оқу-жаттығу жиынындағы дайындығы туралы айтты:

- "Ротордың" қызығушылығы туралы білгенде, менде "Астанамен" жарамды келісімшарт болды. Қызығушылық күзде, шамамен қазан айында пайда болды. Мен келісімшарттың аяқталуын күттім, содан кейін командаға қосылуға бел будым. Ауыспас бұрын мен агенттермен сөйлестім, сонымен қатар әйеліммен және ата-анаммен кеңестім. Мен өзім "Ротордан" ешкімді танымайтынмын, және, әрине, мұндағы жігіттер туралы естідім. Барлығы жақсы, жігіттер мені жақсы қабылдады, сондықтан бейімделу жақсы жүріп жатыр.

- Оқу-жаттығу жиыны қалай өтіп жатыр?

- Әрине, оқу-жаттығу жиыны қиын, бірақ бұл қалыпты жағдай. Соңғы жылдары, мүмкін, менде мұндай ауыр жаттығу жиыны болмаған шығар, бірақ менің осындай жағдайдан өтуіме тура келді. Мен ойынның барлық компоненттерімен жұмыс істеуім керек. Өзімнің қабілеттерімді жетілдіруге тырысамын.

- Сіз бұрын Волгоградта болғансыз ба?

- Жоқ, мен бұрын болмаған едім. Мен бұл бұрынғы Сталинград - батыр қала екенін білемін.

- Бос уақытыңызда не істейсіз?

- Ойын немесе сериал көрмеймін. Бос уақытымда ұйықтаймын, кейде инстаграмды ақтарамын. Мен көбіне тамақтанамын, ұйықтаймын және жаттығулар жасаймын.

- Өзіңізді үш сөзбен сипаттаңыз.

- Мен адал болуға, отбасым мен балаларымның алдындағы жауапкершілікті сезінуге, сондай-ақ мақсатыма жетуге тырысамын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×