Ресейлік "Роторда" өнер көрсетіп жүрген Алексей Щеткиннің Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына неге шақыртылмағаны белгілі болды.
"Матч ТВ" комментаторы Роман Нагучевтің мәліметінше, 29 жастағы шабуылшы жаттығу кезінде жарақат алып қалған.
"Кеше маған матч алдында Щеткиннің жаттығу кезінде жарақат алғанын айтты, сондықтан ол ойынға қатыспады. Ол командаласымен соқтығысып басын ауыртып алыпты, миы аздап шайқалған екен. Әзірге ол ойынға қатыспайды, ары қарай не болары белгісіз", - деді Нагучев.
Щеткин "Ротор" клубына осы жылдың қаңтар айында ауысқан еді. Содан бері Ресей Премьер-лигасында небәрі бір матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET