Алексис Санчес ресми түрде «Барселона» сапына өтті

22.07.2011, 21:46
Алексис Санчес ресми түрде «Барселона» сапына өтті

Бүгінгі күннің басты жаңалықтарынан бастасақ. Католониялық «Барселона» трансферлік ауысым басталғаннан бері көздеп жүрген чили құрамасының жас таланты Алексис Санчеспен реми түрде келісім-шарт жасасты. «Удинезенің» өткен маусымдағы үздік орындаушыларының бірі әрі бірегейіне Сандро Россел 26 миллион еуро төлеп, егер Санчес жақсы ойын өрнегін көрсетіп жатса 11,5миллион еуро қосымша береді.

Трансферлік базарда қарқынды жұмыс жасап жатқандардың бірі италиялық «Рома» десем қателеспеген болармын. Осы уақытта қолда бар мәліметтерге сүйенсек, римдік ұжым жеткешілері амстредамдық «Аякстің» қақпашысы Мартен Стекеленбургке құда түсіп жатқан көрінеді. Сонымен қатар Луис Энрикенің қол астына аргентиналық тәжрибелі қорғаушы Габриэль Хайнце келеді деп күтілуде.

Ал, интернет сайттарында таралағнадай «Интер» басшылары жуық арада команданың плеймэйкері Уэсли Снейдерді "Манчестер Ситидің" капитаны әрі өткен маусымдағы үздік сұрмергені Карлос Тевеске ауыстырып алу жолдарын қарастыруда. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аргентиналық шабуылшы көпшілік қауымға ашық түрде манчестерлік командамен қоштасқысы келетін айтқан.

«Ювентусте» шамалары жеткенше қатарларын мықты ойыншылармен толықтырып жатыр. Команданың ресми сайтындағы мәліметтер бойынша, туриндік команда жетекшілері дортмундтық «Боруссияның» оңтүстікамерикалық ойыншысы Артуро Видальді өз қатарларына қосқан.

Италидан-Германия бағыты бойынша "Дженаоның" қорғаушысы Сократис Папастатопулос келді. Грек өткен маусыда қақпаларына өте көп гол өткізізген бремендік «Вердердің» намысын қорғайды.

Еуропа Лигасының жартылай финалына дейіін жеткен португалиялық «Бенфика» бүгінгі таңдағы Әлем және Еуропа чемпионы   Хуан Капдевильямен 2-жылдық келісімге келді. Сонымен қатар, кезінде атағы алысқан кеткен Рональд Куман жаңа жұмыс орнын тапқы. Ол ротердамдық  "Фейеноорд" командасымен бір жыл жұмыс істеуге келісті

Шолу жасаған Уалихан ҚОСАНБАЙ, Аладоп.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×