Әлем чемпионаты басталды

12.12.2011, 02:54
Әлем чемпионаты басталды
Кеше Жапонияда футболдан клубтық командалар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Әр құрлықтың тек ең үздік ұжымдары ғана қатысатын айтулы доп додасын жанкүйерлер қауымы тағатсыздана күтті. Жарыс жолына жеті команда шықты. Майталман мамандар мен білікті бапкерлер солардың арасында Испанияның «Барселонасы» мен Бразилияның «Сантос» клубтарының мүмкіндігін жоғары бағалауда. Алғашқысы - Еуропаның үздігі болса, екіншісі - Оңтүстік Американың мықтысы. Олардан бөлек, бұл бәсекеде Мексиканың «Монтеррей», Тунистің «Эсперанс», Катардың «Әл-Садд», Жаңа Зеландияның «Окленд Сити» және жарыс қожайындары ретінде Жапонияның «Касива Рейсол» клубтары қатысады. Естеріңізе сала кетейік, бұл жарыс 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. 2007 жылдан бері ол клубтық командалар арасындағы әлем чемпионаты ретінде мойындалды. Сол кезден бері Италияның «Милан», Англияның «Манчестер Юнайтед», Испанияның «Барселона» және Италияның «Интері» жеңімпаз атанды. Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×