«КІМ МЫҚТЫ?» – «БАРСЕЛОНА»!

12.12.2011, 02:49
«КІМ МЫҚТЫ?» – «БАРСЕЛОНА»!
«Эль Классико». Бұл жолы тағы  »Барселона» мықты. Мадрид төрінде өткен ойынның нәтижесі жұрт күткендей болған жоқ. Басқа-басқа «Аламанның» оқырмандарының көбі түнгі ойында «Реал» жеңеді деп болжаған. Бірақ «Барселона» жанкүйерлерінің бағы бар екен… «Реал» – «Барселона» – 1:3 (1:1) Голы: Бензема, 1 - Санчес, 30; Марсело (автогол), 53; Фабрегас, 66 Предупреждения: Хаби Алонсо, 26; Диарра, 61; Пепе, 62; Рамос, 70 – Санчес, 27; Месси, 36; Пике, 48 «Реал»: Касильяс, Куэнтран, Пепе, Рамос, Марсело, Хаби Алонсо, Диарра (Хедира, 62), Ди Мария (Игуаин, 68), Озил (Кака, 58), Роналду, Бензема. «Барселона»: Вальдес, Алвес, Пике, Пуйоль, Абидаль, Бускетс, Хави, Иньеста (Педро Родригес, 89), Фабрегас (Кейта, 79), Месси, Санчес (Вилья, 84). Ойынның бірінші минутында Бензаме есеп ашқанда «Барселонаның» шамасы бітті деп балағандар көп еді. Бірақ тура жарты сағат салып, «Барселона» сапынан Санчес суырылып шығып, есепті теңестірді. Үзілістен кейін Марсело өз қақпасына гол соғып алса, ойынның нүктесін Фабрегас қойды. Шыны керек, бүгін «Реалдың» ойыны жүрген жоқ. «Барселона» қорғаушылары Роналдудан бастап, Бензаме, Өзіл, Каканың ойынын тұсап тастады. Гвардиола қойған бүгінгі ойын жүйесі толығымен іске асып, «Реалдың» бүкіл жоспарын күл талқан еткені…  »Барселонаның» жеңісі сауатты ойынында. Қақпашы, Қорғаушы, жартылай қорғаушы, шабуылшы… Барлығы өз міндетін қалтқысыз орындады. Осының арқасы… «Реалдың» ойын реңінен ойынның басында-ақ сән кеткен-ді. Бастаған шабуылы аяқсыз қалып, құдды бір, барлығының бойын қорқыныш билеп алғандай көрінді. Не керек, жұрттың «Дәл қазір Испания Примерасында «КІМ МЫҚТЫ?» деген сауалына «Барселона» жауап берді. Енді каталониялықтардың шың басына шығу сәті де жақындағандай… Айтпақшы, бұл ойында Месси тағы мықтылығымен көзге түсті. Матчтың үздігі атанған Месси биыл да «Алтын допты» алып жатса таң қалмаңыз…
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×