Әлем футболындағы жаңалықтар

14.03.2014, 01:47
Әлем футболындағы жаңалықтар
Ван Перси может досрочно покинуть «МЮ» - Футбол - Чемпионат Англии «Манчестер Юнайтедтің»  шабуылшысы Робин ван Перси командадан уақытынан бұрын кетуі мүмкін. Оған көптеген еуропалық клубтар көз тігуде. Goal.com порталының мәлімдеуінше, Ван Персимен жасалған келісім-шартта оған кез-келген клубқа уақытынан бұрын ауысуға рұқсат берілген екен. «МЮ» Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне өте алмаса, голландиялық футболшы командадан кететінін айтқан. Өзге клубтар «қызыл сойқандар» басшылығы белгіленген сомадан төмен мөлшерде ақша ұсынса, басшылықтың оны қабылдамауға құқы бар. Ағылшын Премьер Лигасында Ван Перси 17 ойынға қатысып, 11 гол соққан. ********************************************************************************************************************** «СЭ»: Спаллетти уволен из «Зенита» - Футбол - Чемпионат России Питерборлық «Зениттің» басшылығы Лучано Спаллеттиді бапкерлік қызметінен босатты. Оның орнына әзірге Сергей Семак бас бапкер қызметін атқарушы боп уақытша қызметке тағайындалды. Сергей Семак маусым басында футболшылық мансабын аяқтап, бапкерлік қызметті атқаруға бел буған. 15 наурыз күні Химки жасыл алаңында ЦСКА командасымен алғашқы ойынын өткізбекші. Зенит командасы 20 тур қорытындысы бойынша Ресей чемпионатының турнир кестесінде 2 орында келеді. Көш басында Зениттен 2 ұпайы артық «Локомотив» командасы. ********************************************************************************************************************* «Зенит» вышел на контакт с Виллашем-Боашем - Футбол - Чемпионат России Португалдық маман Андре Виллаш-Боашқа Санкт-петербурлық «Зенит» басшылығы 4 жылдық келісім-шарт ұсынды. Бас бапкерлікке үміткерлер тізімінде  Валерий Газзаев пен Дик Адвокат, Жорже Жезуш те бар. ********************************************************************************************************************* Лукаш Фабиански Лондондық "Арсеналдың" қақпашысы Лукаш Фабиански "Базель" командасына ауысуы мүмкін. Польшалық футболшы маусым аяқталысымен бос ойыншы атанбақ. Фабиански "зеңбірекшілер" қатарында қалғысы келмейтінін мәлімдеген болатын. 2007 жылдан бері "Арсенал" сапында бар-жоғы 31 ойын өткізіп, 34 гол жіберген. ********************************************************************************************************************* "Арсенал" командасының футболшысы Месут Озил "Бавария" - "Арсенал" арасындағы Чемпиондар Лигасының қарымта кездесуінде тізесін жарақаттап алды. Озилдің алдағы "Тоттенхэммен" болатын ойынға қатыса алмайтыны жөнінде "Арсеналдың" бас бапкері Арсен Венгер мәлімдеді.  *********************************************************************************************************************** Француздық ПСЖ-ның президенті Нассер Аль-Хелаифи бас бапкер Лоран Бланды өз клубында бапкерлік мансабын жалғастыратынын мәлімдеді. Алдағы уақытта бас бапкермен жаңа келісім-шарт жасаспақшы. Лоран Бланның басшылығымен ПСЖ командасы ішкі біріншілікте көш басында келеді. ********************************************************************************************************************** "Кристал Пэлас" командасының шабуылшысы Маруан Шамах жарақатына байланысты 3 апта бойы жасыл алаңға шықпайтын болды.  ********************************************************************************************************************** «Интер» аргентиналық шабуылшы  Факундо Феррейраға қызығушылық білдірді, - деп мәлімдеді Tutto Mercato Web интернет порталы. Миландық команданың басшылығы Шахтер»(Донецк) футболшысын сатып алмақ ниетте екендіктерін жасырмады. Қазіргі кезде команда аралық келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар бұл футболшыны дортмундтық «Боруссия» да сатып алмақшы көрінеді. Өткен маусымда Феррейра команда сапында 10 ойынға қатысып, 6 гол соққан. **********************************************************************************************************************
Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×