Әлеумет құрама туралы ой айтты

15.10.2014, 00:15
Әлеумет құрама туралы ой айтты
Есей ЖЕҢІСҰЛЫ: Фейсбукті бүгін таңертең ашып қалдым да, өмірден түңіліп кеттім. "Ойбай, құрамада қазақтар ғана ойнауы керек!" деген байбалам. Атасының аузы, Қазақстанда ешқандай тарихи оқиға болмағандай, жерімізге ешкім келіп қоныстанбағандай, осы күні қазақ балалары ағылшын, испан, итальян лигаларында, бундеслигада голдан гол тоғытып ойнап жатқандай... Барымызбен базар болып отырғанымызды сол жас балалар неге көрмейді? 
Жеке-жеке тоқталайықшы. Қақпашы. Алмат Бекбаевтан басқа премьер-лигада ешбір қазақ жоқ. Оның өзі "Ақтөбеде" Сидельниковтің дублері болып отыр. "Атырауда" Нұрболат Қалменов бар, ол да қсоалқы құрамда. Қорғаныс. Еңсегей бойлы қазақ қорғаушы бар ма премьер-лигада? Елдос Ахметов - қапталда, Абзал Бейсебеков - қапталда, Қайрат Нұрдәулетов - жарақат, Ермек Қуантаев - қапталда, Алдан Балтаев - "Қайсарда" негізгі құрамға ілінбей жүр, Дамир Дәуітов - ұлттық құрамаға шақырылған емес, ол да қапталда, Серік Сағындықов - құрамаға шақырылмайды, Бақдәулет Қожабаев пен Талғат Адырбеков - қапталда... Осылардың ішінде орталық қорғаушылық машығы бар Ахметов пен Нұрдәулетов қана. Неғыл дейік, Дочкал, ван Перси, Роббен, Сигурдссонға екеуін қоя берейік пе? Сымақов қорғанысты ұмытқалы 3 жылдан асты, соны шегелеп қояйық қазақ болғаны үшін! Жартылай қорғаныс. Красножан қай мықты қазақты ұмытты? Исламхан, Дарабаев, Қонысбаев, Сымақов, Байтана, Нұрғалиев, Тағыберген, қырғыз Жолшиев - бәрі жүр ғой. Олар Голландияға қарсы шықпаса, тактикалық амалдан шықпады. Роббен, Ленс, Афеллай, Снейдер, ван Перси сияқты супершабуылдаушы құрамға қарсы Исламхан не істей алар еді? Қайта үш орталық қорғаушыға екі опорник - Карпович пен Богданов көмектесіп, голландиялық супер-муперлердің адымын аштырмады ғой. Көре білу керек, жігіттер. Шабуылшы. Нөсербаевтан басқа және ешкім жоқ. Жақып Қожамберді, Тоқтар Жаңғылышбай әлі жас, бірден шайналып кетеді. Рауан Сариев анау болды. Нөсербаев 2011 жылы ғана барлық турнирлерде 13 гол соққан, яғни голдар санын 10-нан асырған. Басқа жылдары оған да жетпейді. Кім ұмыт қалды? Берік Шайықов, Еркебұлан Нұрғалиев, Елжас Алтынбеков, Еркебұлан Тұңғышбаев, Мардан Төлебек... Олардың атын әлі ешкім білмейді. Ендеше, барымызбан базар болуға тура келеді. Голландияға гол соққан Абдулин - өз бауырың, Алматыда туған, Логвиненко - Чехтің түсіне кіреді, ол да ақтөбелік бауырың. Басқа не керек?  Білместікпен мақтанбайықшы, бар ғой... Күйіп кеттім, тегі... Жандос БАЙДІЛДА: "Ұлттық құрамада қазақтар ғана ойнасын!" деген не маразм осы?! Кім мықты, сол ойнасын! Әр бапкер өзінің профиліне сай келетін ойыншыларды таңдайды. Голландияға гол соққан Ренат Абдуллин, кеше Чехия қақпасына бір емес, екі гол соққан Юрий Логвиненко. Қазақтан сұмдық талант шығып, ешкім елемей жүргендей бір)
1998 жылы футболдан әлем чемпионы атанған Францияның ұлттық құрамасының алаңға шыққан 11 футболшысының жетеуінің ұлты басқа, тіпті зәңгі еді. Соған қарамастан өзін француз санайтын әрбір ойыншы барын салып Францияның үш жолақты туын аспандатты. Ғалым БОҚАШ

Жеңілістердің сапасы артып келеді;)

Позитив: Еуропаның мықты құрамаларына, Петр Чех сияқты қымбат қақпашыларға гол соға бастадық. Жанкүйерлер де жұлдыздарды жиі көретін болды. Жас футболшыларымыздың деңгейі мен сенімі өскені көрінді, әсіресе екінші таймдағы өзгерістен соң - үш голға да алмасып шыққандардың қатысы болды. Құдай-ау, бұларды Нидерландқа қарсы неге шығармаған деп ойлайсың еріксіз. Әлде қазақ футболшыларын тек үйдегі ойынға шығарып, біреуін капитан қылу деген жаңа стратегия ма?

Негатив: Әлі команда жоқ, бір-бірімен ойнап үйренген бірнеше бригада бар. Жасанды футбол алаңымен Еуропаға ұмтылу масқара, чех футболшылары мен мамандары қатты таң қалып жатты. Біздің құрама мен жанкүйерлер таза советтік әдет - төрешіге кіжінуді әлі қоймаған, "капиталистік елден шыққан төрешінің әр ысқырығы совет құрамасының аяғына тұсау болып түсті" деп толғайтын заманды өткен шаққа біржола өткізу керек қой. Сосын алып HD таблолар жоқ заманда кімнің гол соққанын барқырай айғайлап хабарлайтын баяғының диспетчерлері әлі бар ма бізде? Әсіресе өз құрамасының голын ғана екпіндетіп жариялайтыны сүйкімсіз екен;) Бірақ бұл әдеттің бәрі Еуропада ойнаған сайын жоғала бермек, егер аяқ астынан Еуразия Одағы бөлек құрлық чемпионатын құрып алмаса, тек Ресей чемпион болатын;)
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×