"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста 28 жастан асқан футболшылар арасында ұйымдастырылатын GoldenFoot жұлдесін жеңіп алды. Екінші орын португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуға бұйырды.
Golden Foot-2014 жүлдесіне Иньеста және Роналдумен қатар: Уэйн Руни (Манчестер Юнайтед), Андреа Пирло (Ювентус), Яя Туре (Манчестер Сити), Франк Рибери, Мануэль Нойер (екеуі де– Бавария), Тьяго Силва (ПСЖ), Тьерри Анри (Нью-Йорк Ред Буллз) және Марта (Бразилия ұлттық құрамасы) сынды футболшылар қатысты.
Жүлде ресми түрде 2003- ші жылдан бері ұйымдастырылып келуде. Алғаш болып бұл трофейді италияндық шабуылшы Роберто Баджо жеңіп алды. Содан бері Павел Недвед, Андрей Шевченко, Роналдо, Алессандро Дель Пьеро, Роберто Карлос, Рональдиньо, Франческо Тотти, Райан Гиггз, Златан Ибрагимович, Дидье Дрогба сынды атақты футбол жұлдыздары бұл жұлденің жеңіммпазы атанған.
Ерден НҰРАХМЕТ