Алғашқы хет-трик те соғылды

20.04.2014, 04:23
Алғашқы хет-трик те соғылды

7-тур ойындары Керекудегі Ертіс және Астана кездесуімен басталды. Биылғы біріншілікте гол жібермеген елордалықтар ойын басталысымен қақпаларына төнген қауіптен құтыла алмады. Гол авторы Миодраг Джудович. Астана гол жібермегенімен қоймай 6-тур бойы ұтылмаған команда еді. Жеңілмеудің қамын жасаған астаналықтар екі минуттан соң есептің теңестірді. Каньсятың пасын Таңат Нөсербаев қақпаға дәл бағыттады. Бұрыштама добынан астаналықтар қатты зардап шекті. Ойынынң 27 минутында Ұлықбек Бақаев есепті 2-1 ге жеткізді. Ал 1-тайм біте берген тұста қорғаушы Марин Аничич павлодарлық футболшыға қарсы айып алаңында ойын тәртібін бұзып, қызыл қағазбен алаңнан қудаланды. Белгіленген 11-метрліктен Бақаев мүлт кетпеді. Жанкүйерлер қуанышын дем арасында Атанас Курдов су сепкендей басты. Болгариялық жартылай қорғаушы дем арасында есеп айырмасын қайта қысқартты.

Екінші таймның басында Атанас қайтадан шабуылға араласып, есепті теңестіріп кетті. 1 футболшыға аз болса да астаналықтар мінез танытты. Тоблодағы есеп теңесісімен, алаңдағы футболошылар саны да бірдей болды. Виталий Лиді шынтақпен жанап кеткен Бақаев алаңнан қуылды. Бұл жағдай астаналықтар үшін жаға түсті. Елдос Ахметов, Кетевоама және курдов үштігі екі пас бір соққымен 4-голды соқты. Болгариялық курдов премьер лигадағы алғашқы хет-трик авторы атанды. Бұл ойыннан кейін астана кезекті үш ұпайын алды. Оның негізгі бәсекелестері Шахтер мен Ақтөбе де өз алаңындағы ойындарда жеңіске жетті. Алматылық «Қайрат» сырт алаңда "Тобылмен" тең түсті. Сонымен бірге, Тараз - Атырау, Спартак -  Жетісу кездесуі де тең аяқталды. Турнирлік кестенің алдыңғы бөлігінде аса қатты өзгеріс жоқ. Тек атырау мен Жетісу ғана лидерлерден біршама ұпайға қалып қойды. Ал екінші бөліктегі Тобыл менен ертіс осы турда ұпай жоғалтып, турнирлік кестенің түбіне жақындай бастады. «Ертіс» - «Астана»  3-4 «Шахтер» – «Ордабасы» 3-1 «Ақтөбе» - «Қайсар» 3-0 «Тобыл» - «Қайрат» 2-2 «Тараз» – «Атырау» 3- 3 «Спартак» – «Жетісу» 1-1
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×