"Алтын доп" жайлы айтулы піріклер

05.12.2014, 03:17
"Алтын доп" жайлы айтулы піріклер
Әр жылдың жыл аяғы футбол әлемі үздік футболшының кім екенің талқылаумен өткізеді. 2 күн бұрын басты үш үміткердің есімдерін де білдік. Әлем футболында өзіңдік орны бар футболға қатысы бар жандар да "Алтын доп" төірегінде пікірлерін ортаға салып жатады. "Роналду үздік!", "Кім алса, ол алсың, тек қана Месси мен Роналду емес!", "Бұл марапатқа неміс футболшысы ғана лайық!",- деп түптеп келгенде пікірлерді үшке бөліп тастауға болады. Сонымен, жұлдыздар "Алтын доп" жайлы қандай пікірде? Платиновый омут. Почему «Золотой мяч» трудно спасти УЕФА-ның президенті Мишель Платини, командасымен айтарлықтай жетістікке жеткен футболышыларды бағалап келеді. Жеке бастың марапаты бола тұрса да, француз Чемпиондар Лигасында, Әлем немесе Еуропа чемпионаттарында жеңіске жеткен команданың футболшысы алуы керек дейді. Былтыр да сол позициясын қорғаған болатын: "Жыл өткен сайын жағдай түсініксіз болып барады. Франк Рибери бір жылда бүкіл трофейге қол жеткізсе де, Баварияның кәрі құрлықта үздік атануына айтарлықтай үлесін қосса да, "Алтын допты" Месси мен Роналду екеуі сарапқа салды. Соңғы 10 жылдықта футболшылардың басқа қасиетіне қарап баға беретін болған ба, ұқпадым" Бұл жылы шенеуіктің немістерді қолдап отқаны түсінікті: "Бұл жылы неміс футболшысының біріне беру керек. Олар әлем чемпионы. 4 жыл бұрын бұл сыйлықты испан футболшысына беру керек еді. Ол кездегі қателікке, бұл жолы жол бермеспіз деген ойдамын" Келесі бір сұхбатында Платини өз сөзіңе өзі қарсы шығып отыр: "Роналду мен Месси әлемдегі ең үздік футболшылар" Сонымен, кім лайықты "Алтын допқа" мисье Платини? Жылдың басты командалық трофейіне қол жеткізген Нойер ма? Чепмиондар Лигасының жеңімпазы Роналду ма? Әлде, әлем біріншілігінің үздік футболшысы Месси ма? Криштиану Роналду Былтырғы жылдың үздігі, биыл да басты үміткер. Осы футболшы жайлы баспасөз беттерінде көп айтылады. "Реал Мадрид" тарапынан да, ұлттық құрамадағы әріптестері тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Рикарду Карвалью: "Бұл оның үздік маусымы. Криштиану мінсіз. Месси осы жылы Роналдудың көлеңкесінде. Сондықтан, келесі Алтын допты күтіп отырмыз" Фабио Коэнтрау: "Алтын допты Криштиану алмаса, масқара болмақ. Чемпиондар Лигасының рекордсмені, әр ойын алаңнан голсыз кетпейді. Жеңіске деген ынтасын көрсеңіз.. Басқа қандай дәлел керек?" Ал, Роналдудың өзі не ойлайды? "Мен Алтын доп жайлы ойлағым да келмейді. Менің жұмысым сыйлықты армандау емес, футбол ойнау" ...десе, келесі бір сұхбатында: "Үздік болуға әрқашан да талпынамын. Жыл сайын өзіме деген талапты арттырамын. Мықтылығыма көзіңізді жеткізу үшін өзімді өзім мақтағым келмейді, бірақ статистикама көз жүгірсеңіз бәрін де мойындайсыз. Әлемді алдап, жасандылық жасағым да келмейді. Алтын доп менің қолыма тигенін қалаймын, олай айтуыма толықтай құқығым бар. Себебі, мен оған лайықпын!" Мануэль Нойер Өткен ғасырдың 50-60 жылдарындағы Кеңес Одағының қақпашысы Лев Яшиннен кейінгі Алтын Допты алуға бір табан жақын қақпашы. Тарихта талай-талай шебер қақпашылар өтті, бірақ осы Нойердің ерең еңбегі ерекше бағаланып отыр. Қақпашы үшін үздік үштікке ену деген керемет жетістік. Әсіресе, бүгінгідей әлемде Месси мен Роналдудың үстемдігі орнап тұрған кезде. Нойердың жағында әріптестері, қақпа күзетудің қаншалықты ауыр жұмыс екенін түсінетін жандар, Платини және де бас жүлдені Месси мен Роналдудың қолында көруден жалыққандар. Зепп Майер. "Баварияның" бұрыңғы қақпашысы: "Тек соқыр адам ғана "Алтын Допты" Нойердан басқа адамға беруі мүмкін. Бразилия немістерді жеңіске бастаған Нойер. Тарихта ол секілді мықты қақпашыны көрген емеспін" Мирослав Клозе: "Мен тек оның арқасында ғана ұлттық құрамадан жеңіспен кете алдым. Команданың ойыны жүрмегенде, Нойерге қарап бойымызға сенімділік тарайтын. Бас жүлдені алса қуанар едім" Франк Рибери: "Басты үміткер-Нойер мен Роббен еді. Енді үштікке Роббен енбегендіктен жүлдеге Нойер лайықты.  Бірақ, білесіз бе "Алтын Доптың" футболға қатысы жоқ. Кімге бұйырарын футбол шепейді, бәрі саясаттың қолында. Эасыл алаңдағы ғана үздіктерге қарағанда, жарнамадан жарнамаға түсіп жүрген, шенеуіктердің көңілінен шығып жүрген футболшылардың мүмкіндігі көп"  ....деп, былтырғы қорытындының нәтижесіне риза еместігін астармен жеткізді. Ал, Нойердің өзі алтынмен апталған доптың қолына тиеріне сенбейді: "Әр футбол матчынан кейін, жанкүйерлердің есіңде қақпашылардың сэйвтері емес, голдар естерінде қалады. Қақпашының жеңіске қосқан үлесін ешқашан да бағаламайды" Бірақ, атақты Оливер Кан үміт үзбеуге шақырды: "Нойер-тек қана қақпашы емес, ол әрі қорғаушы. Кез келген сәтте қарсыласты айып алаңына жеткізбей-ақ тоқтатуға дайын. Мануэль секілді қақпашылар тарихта болған емес" Лионель Месси Былтырғыдай секілді бұл жылы да, Мессидің Алтын Допты алуға мүмкіндігі аз. Тіпті, әлем біріншілігінде үздік футболшы атанғаны да даулы. Көбі келіспейді. Шындығына келсек, Месси жылдың екінші алты айлығында ғана Ронулдумен тең дәрежеде ойнады. Роналдо. Бразилияның жарқын жұлдызы: "Бұл жылы Мессидің ойыны жарқын деп айтуға келмейді. Алтын доп Роналдуға бұйыру керек" Бобби Чарльтон. "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы: "Мессидің тамаша футболшы екеніне дауым жоқ, бірақ биыл әлемнің үздігі емес. Роналду голдарды қарша боратып жүр. Ол тарихқа өзгеріс енгізді. Реалдың Чемпиондар Лигасындағы жеңісі тікелей Роналдумен байланысты" Ал, Херардо Мартиноның ойынша,  Месси футболдан кетпейінше, онымен ешкім бәсекелесе алмайды: "Мен әр жылғы таңдауым-Лионель. Бұл жылы да солай. Месси футболдан кеткен күні ғана, біз кімнің үздік екенін талқыласақ боладыЭ  Пікірлер тізбегін, Жозе Моуриньодың сөзімен аяқтағымыз келіп отыр: "Алтын Доп" секілді жеке басқа арналған марапаттардан футболға келер пайдасы жоқ. Үздік футболшы дауыс беру нәтижесінен емес, жеке адамның сүйікті футболшысы кім екеніне қарап анықталады. Сондықтан, оған мән берудің керегі шамалы.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ          
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×