«Алтын доптан» үміткер үш үздік белгілі болды

10.12.2013, 05:22
«Алтын доптан» үміткер үш үздік белгілі болды
 
9 желтоқсан «Алтын доптан» үміткер 3 футболшының есімдері белгілі болды. Жанкүйерлер болжамы жерде қалмады. Соңғы сында  Роналду, Месси және Рибери үшеуі бақ сынайтын болады. «Алтын доптан» үміткер 23 футболшының тізімі қазан айының соңында жарияланған болатын. Бүгін солардың арсынан оза шапқан үштіктің есімдерімен танысып отырмыз. Биылғы маусымда, Роналду Испания біріншілігіндегі 14 ойында 17 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Чемпиондар лигасы аясындағы 4 кездесуде 8 голдың және 2 пастың авторы атанған. әлем чемпионатына ірктеу сынындағы Швецияға қарсы екі ойында да еншісіне төрт гол жазған болатын. Месси ішкі біріншіліктегі 11 ойында 8 гол соғып, әріптестерінің гол соғуына 4 рет орай жаратқан. Чемпиондар лигасында 3 ойынға қатысып 6 гол соққан. Реиберидің еншісінде мұндай көз тұндырар санды мәліметтер болмағанымен, оның жетістіктері өз алдына. «Бавариямен» бірге алуға тисті кубктардың барлығын бағындырғанымен қоймай, биылғы Еуропаның үздік ойыншысы атағына да қол жеткізген болатын. Ал жылдың үздік бапкерінен үміткерлер қатарын  Юрген Клопп («Боруссия Д»), Юпп Хайнкес («Бавария») және «қызыл сойқандарды» 27 жыл бойы басқарып, биыл ғана демалысқа кеткен  сэр Алекс Фергюсон үштігі толықтырып тұр. Бұлармен қоса жылдың үздік гол авторынан дәмелі үштіктің де қатары анықталды. Олар: Златан Ибрагимович (ПСЖ), Неманья Матич (Бенфика) және Неймар (Барселона). Осы атақтардың иегерлері 13 қаңтар күні Цюрих қаласында өтетін салтанатты кеште анықталатын болады.                                                                                                                                                                                Қуанышхан ӨМІРХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×