Өткен жылдың үздік бапкері кім?

11.12.2013, 09:27
Өткен жылдың үздік бапкері кім?
ФИФА өткен жылдың үздік бапкері атағына үміткерлердің тізімін жариялады.  Биылғы жылдың үздік бапкерлігіне сэр Алекс Фергюсон, Юпп Хайнкес және Юрген Клопп таласатын болды. images Алекс Фергюсон биыл футболмен қош айтысты. '' 'Манчестер Юнайтед' тарихындағы ең үздік бапкер жалпы футбол тарихындағы үлкен бір кезеңді өзімен бірге алып кеткені сөзсіз. Оның үстіне '''Қызыл сойқандардың' биылғы ойындарына қарап отырып осы бапкерді еріксіз еске аласың. МЮ-ді 26жыл бойы басқарған шотландтық бапкер осыншама жылдар бойы командасын тек қана жеңіске жетелеп, биіктерден көрсете білді. Ал, осы жылғы '''Үздік бапкер'' атағы сэр Алекстің қаншама жылдан бергі адал еңбегінің ақысы іспетті болмақ!       download   Бавариянның соңғы жылдардағы үлкен жеңістерінің себепшісі. Көп жылдық еңбегі бағаланбай жүрген қарт бапкер. Бүгінгі күнде жеңілуді білмей келе жатқан неміс командасының фундаментін қалаған бапкер. Мюнхендік клубпен '''Чемпиондар лигасын'', Германия бундеслигасын, Германия кубогін жеңіп мүмкін болған барлық титулдарды иеленді. Қарт бапкер жеңістің шыңына көтерілген сәтте үлкен спортпен қош айтысып кетті. Бапкерлік еңбегінің өтеуі ретінде биылғы жылдың үздік бапкері атағын осы кісіге сыйласа да артықтық етпейді.     images (1)      Дортмундтық ''Боруссияны'' қайта тірілткен бапкер. Екі жыл қатарынан Германия бундеслигасын жеңгеннен соң, дортмундтықтарды чемпиондар лигасының финалына алып шықты. Бұл маусымда Клопп бапкердің еншісінде Германия суперкубогі де бар. Әлемдік телевидение назарын атышулы қылықтарымен ғана емес, нағыз іскер ретінде мойындата білген тұлға.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×