"Алтынға" әр кімнің де бар таласы

24.11.2013, 05:24
"Алтынға" әр кімнің де бар таласы
 
20 қараша дүниежүзілік футбол бірлестігі (FIFA) биылғы «Алтын доп» үміткерлеріне дауыс беру уақытын 29 қарашаға дейін ұзартқанын жариялады. Естеріңізде болса осыдан он күн бұрын бұл қимыл өз мәресіне жеткен болатын. Мерзімінен бұрын мұндай шешімнің қабылдануы бұқаралық ақпарат құралдары мен жанкүйерлердің наразылығын тудырғаны да бар. Себебі, үміткерлер арасында күннен-күнге күшейіп келе жатқан басекелестік отының ерте сөнуін қаламағандықтан еді.   Бәріңіз білетіндей биылғы жылдың үздігі атануға Роналду, Месси, Рибери үштігінің мүмкіндігі зор делінуде. Осы бәйгеде басқаларға төрт жыл бойы теңдік бермей жүрген Месси жарақатына байланысты биылғы үзіліске ерте кетті, ол енді 2014 жылдың басында ғана жасыл алаңға орала алады. Осылай болғандықтан оның бесінші рет жылдың үздігі атануына сәл қиындық туды. Бұлай дейтініміз, оның басты қарсыласы Роналду соңғы кездері Еуропа футболын «табанның астында тулатуда.» Дәл осындай жағдайда дауыс берудің аяқ астынан тоқтауы Месси үшін қаншалықты тиімді екені бәрімізге белгілі. Бір қараған адамға Месси жарақат алып жатқан орайдан пайдаланып, қарсыластары оның алыдын орап кетпеуі үшін арнайы жасалып жатқандай...                                                                                                                                      Месси ФИФА-ның сүйіктісі ме? 2010 жылы аргентиналық қатарынан екінші жыл «Алтын доп» иегері атанды. Бірақ Месси ол жылы «Барселонамен» бірге бар болғаны Испания біріншілігін ғана бағындырды. Аргентина құрамасы да әлем чемпионатында қатардан ерте шығып қалған болатын.  Ал Снэйдер «Интерді» бастап үш кубгты бірдей жаулап алған еді. ( Чемпиондар лиғасы, Италия біріншілігі, Италия кубгы) Бұнымен бірге Нидерланд құрамасының әлем чемпионатының финалына дейін жетуіне де осы ойыншының үлесі мол болған. Демек, сол жылы «Алтын допты» Голландиялықтың қолынан көрсек құба-құп еді... 2012 жылы Месси тарихта қатарынан төрт рет жыл үздігі атанған тұңғыш футболшыға айналды. Ал ол жылғы жетістігі тек Испан кубгы ғана еді.  Осылай бола тұрсада, сол жазда  Еуропа чемпионы атанған Испания құрамасының үздік ойыншылары Хави, Иньесталар «кішкене вундеркиндтің»  тізгінне де жармаса алмай қалды. Осы фактлерге сүйене отырып мамандар Месси биыл да жылдағы жетістігін қайталаса таңғалмайтындықтарын жасырмады. Бұған өткенде ғана ФИФА төрағасы Блаттер мырзаның Мессиді мақтағанын қоссақ, Роналду мен Рибериге қуануға әлі ерте сияқты. «Алтынға» әр кімнің де бар таласы... Франк Рибери биыл өз бабына келгендей. Оның әр ойындағы бейнесі жанкүйер көңілінен шығуда. «Бавариямен» бірге алуға тиісті жүлделердің барлығын алды. Еуропа үздігі де атанды. Оған енді жетіспейтіні           «Алтын доп» қана. Ұлттық құрама сапында да керемет ойын өрнегін көрсетуде. Кеше ғана Украина құрамасының қолынан Бразилияға баратын жолдаманы жұлып әкеткені тағы бар. Криштиану Роналду биыл да жылдағы жүрісінен жаңылған жоқ. Соққан голы қатысқан ойыннан көп. Әлем чемпионаты жолдамасы үшін Швецияға қарсы өткен екі  кездесуде төрт гол соғып, Потугалия құрамасын жеңіске жетеледі. Әрі, бір жылда соққан голдарының санын 66 ға жеткізіп өз рекордын жаңартты. Оның жыл үздігі атануына «Реалмен» бірге еш жеңіске жете алмағаны кедергі келтірген жағдайда, ол олқылықтың орынын осы голдары толықтап кетуі әбден мүмкін. 2012 жылы Месси де асыра сілтеген 91 голының арқасында аладоп әлемінің биігіне тағы бір мәрте көтерілген еді ғой.    Лионель Месси биыл «Барселона» командасымен бірге Испания чемпионы, Испания супер кубгының иегері атанды. Ұлттық құрамасын бастап мерзімінен бұрын әлем чемитонатына қатсу мүмкіндігіне қол жеткізді. Алайда, оның сәуірден бергі бейнесі жанкүйерлеріне қуаныш сыйлай алмай отыр. Жарақат жиі мазалап жүргендіктен болар, бір жылда бар болғаны 45 ғана гол соқты. Бұл былтырғы жетістігінің тең жартысы екенін көріп отырсыздар. Осыдан-ақ Аргентиналық азулы ойыншының биылғы бейнесіне бес деген баға беру тым қиын екенін байқаймыз. Тіптен өкініштісі ол жаңа жылдан бұрын жасыл алаңға шыға алмайды. Бірақ бұл Лионельдің «Алтын доптан» айырылғаннан дерек бермейді. Сансыз жанның сүйіктісіне айналған «сиыршылар» елінің жарық жұлдызы жылдағыдай жылдың үздік ойыншысы атағының басты үміткері саналады. Енді сөз басына қайта оралайық... Швецияға қарсы қарымта ойындағы Роналдудың өнеріне разы болған Блаттер: « Португалия командасын құттықтаймын. Сіздер Әлем чемпионатына жолдама алдыңыздар. Роналду фантастикаға бергісіз ойын көрсетті,» -  деп ағынан жарылды. Өткенде өзінің Роналдуға қарағанда Мессиді әлде қайда жақсы көретінін айтқаны үшін португалдықтар алдында өзін «ыңғайсыз» сезініп жүрген бастық мырза осы құттықтауымен және «Алтын доп» үміткерлеріне дауыс беру уақтын 29 қарашаға дейін созу арқылы  Пиренейлік ел алдындағы «кінасын» жуғандай болды. Өйткені дауыс беру енді он күнге жалғасса CR7 үшін тиімді болатыны сөзсіз. Өзінің керемет ойындарының арқасында қолдаушыларын көбейтіп, екінші рет жылдың ең үздік сыйлығына қол жеткізуіне мүмкіндігі молаяды. «Алтын доптың» әуресі аз болмай тұр... ФИФА президентінің Мессиді ашықтан-ашық қолдауы Роналдудың шамына тигені сөзсіз. Тіпті президент мырза ашық кешірім сұрағанымен қоймай, Криштиануды кездесіп түсінбестікті жоюға ұсыныс етседе «ашулы батыр артына қайырылмаған көрінеді». Оның ойынша, дүниежүзілік футбол бірлестігі бар марапатты өздерінің сүйікті ойыншылары мен командаларына көрсетеді. Ал ұнамағандардың маңдайына тек шөміштен қағылу жазылған. Бұған оның Блаттерге жазған:    « президент мырза көп жасаңыз, енді маған бәрі түсінікті »,- деген кекесінді сөзі куә. Осы ойдың жетегінде Криштиану Роналду келесі жылы  өтетін марапаттау рәсіміне қатысқысы келмейтінін жеткізген болатын. Сонымен, 13 қаңтарда Цюрихта өтетін марапаттау рәсіміне байланысты екі мәселенің жұмбағы шешілген жоқ . Оның бірі кімнің «Алтын доп» иегері атанатыны болса; енді бірі Роналдудың сол күні Швейцарияға бару-бармауы болып отыр...                                                                                                                                                                                                           Қуанышхан Өмірхан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×