Алыптардың алқымынан алған ергежейлі елдер. Тосын сыйға толы іріктеу

02.04.2015, 20:49
Алыптардың алқымынан алған ергежейлі елдер. Тосын сыйға толы іріктеу
Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің жартысы да өз мәресіне жетті. Қожайын ретінде Францияның есімі белгілі болса, Англия да өз тобында жүз пайыздық көрсеткішпен топ бастап, төрт жылда бір келетін "кәрі құрлық" біріншілігіне бір-екі турдан кейін бірінші болып жолдама алатын секілді. Еуропадағы ірі футбол держава екендігіне Ағылшын ұлттық құрамасы күмән келтірмесе, өзге мақтаулылардың жағдайы басқа. Онымен қоса, біздің топтағы Исландия секілді "тосын сый" командалар да көбейді.  Әлем, Еуропа чемпионаттарына іріктеу барысында жаттықтырушылар мен футболшылардан, бүгінде осал құрама табуы қиындығын, үш ұпайды ешкім қолға ұстата салмайтындығын, әлемдегі командалар арасында айтарлықтай алшақтық жоқ екендігін естіп жатамыз. Бұрындары, баспасөздегі бұндай пікірлерге қарсыласқа деген құрмет ретіндегі "үйреншікті" сөздер ретінде қарайтынбыз. Бірақ, бүгін аутсайдер санатындағы командалар бұның құрғақ сөз еместігін іс жүзінде дәлелдеп жүр. Өткен жылдары, Еуроға әр топтан бір команда ғана жолдама алып, екінші орынды қанағат тұтқан ұжым, басқа топтағы "тағдырлас" командамен жолдамаға таласатын. Ал, бүгінде топтан бірден екі команда жолдама алатын болып, жарысқа қатысушы командалар саны 16-дан 24-ке өсті. Платинидің осы бір қамқорлығы да, ергежейлі мемлекеттерді ынталандырған секілді. Вчера. Прага. Чехия - Голландия - 2:1. 90+2-я минута. Только что Вацлав ПИЛАРЖ провел победный гол. Бразилиядағы Әлем чемпионатына іріктеу барысында, бізбен бір топта өнер көрсеткен Фарер аралдары, қонақта Грекияны тізе бүктіріп, бүкіл әлемді шалқасынан түсірді. Не дегенмен, Еуропа чемпиондары, сол Бразилиядағы әлем чемпионатының қатысушысы. Пиреней түбегенің оңтүстігінде орналасқан, картада бар-жоғы білінбейтін, жақында ғана Уефа-ның құрамына енген Гибралтар есімді мемлекет тарихтағы тұңғыш голын салып, Шотландия футболшыларын өз жанкүйерлері алдында масқара қылды. 4-5 жыл бұрын аяғына доп тимей, қарсыласқа жеңілетін Люксембург та Белоруссиямен ұпай бөлісті. Жартылай студент, көлік жөндеуші, құқық қорғаушылардан, жартылай кәсіпқой футболшылардан құралған, соған қарамастан әр іріктеу кезеңі сайын тұрақты түрде бірнеше ұпай жинап тұратын Лихтенштейннің, 5 турдан кейін 4 ұпайға қол жеткізгініне таңғалудың қажеті жоқ.(Құдай-ау, біз қашан оянамыз?) "Ұйқыдағы" алыптар Сөз басында мықтылар ішінен Англияның ғана нәтижелі, әрі өз деңгейіне сай ойын өрнегін көрсетіп жүргендігін айтқан болатынмын. Ал, өзгелері кішігірім дағдарыста. Біздің топтағы әлем чемпионатының қола жүлдегері 5 ойынның ішінде 2 рет жеңіліп, Чехия мен Исландияны біраз ұзатып алды. Көрші B тобында сенсация-Рэмзиі мен Бэйлы бар Уэльс ұлттық құрамасы. Бұрын 4-5-ші орындарды місе тұтып жүретін Ұлыбританиядағы мемлекет, Бельгиямен бірге топ бастап тұр. Израиль мен Кипр де, жазда әлем біріншілігіне барып қайтқан Босниядан жоғары тұр. C тобы да сенсациялық нәтиже жағынан біздің топтан алыс емес. Әлемде 7-8 жыл үстемдік еткен Испанияны артта қалдырып, онымен қоймай, жеке кездесуде жеңіске жетіп, 15 ұпаймен, яғни жүз пайыздық көрсеткішпен cловактар көш басында. Тіпті, Әлем чемпионы немістер де Польшаға жеңіліп, Шотландия мен екінші орынды місе тұтып тұр. Португалияны Лиссабонда жеңіп, 4 ойыннан кейін 7 ұпаймен қанжығаны майлаған Албанияға қалайша таңданбассыз?(Құдай-ау, біз қашан оянамыз?) Шындығы сол, өткен онжылдықпен салыстырғанда Еуропадағы футболдың деңгейі өсті. Сол Англия мен Португалиядан басқа, ешбір Еуропаның мықтысы саналатын ұлттық құрама өз тобында көш бастап тұрған жоқ. Жарысқа қатысушылар санын арттыру жөнінде Уефа тарапынан қабылданған шешім де, әрбір топта қызу бәсекелестіктің болуына түбегейлі себепші болды. Келесі жылы еурододада үйреншікті Германия, Италия, Англия, Франция, Испанияларды ғана емес, Словения, Шотландия, Словакия, Румыния, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Дания, Израильдерді, Ларс Лагербек баптайтын, бір апта бұрын Астанада мастер-класс көрсетіп кеткен тамаша Исландияны Франция жерінде көруіміз әбден мүмкін. Тек қана тізімде болғанын ғана қанағат тұту үшін емес, алыптардың екі аяғын бір етікке тығу үшін. Бүгінгі Еуропа футболының жай-күйі осы. Тірілер тіршілік жасап қана қоймай, айды аспанға шығаруға тырмысып, талпынып жүр.(Қызық, біз қашан оянамыз?) Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×