Секу Олисе Қазақстанда ойнаудан бас тартты

02.04.2015, 20:29
Секу Олисе Қазақстанда ойнаудан бас тартты
Мәскеулік ЦСКА клубының ойыншысы Секу Олисе мансабын Қазақстанда жалғастырғысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс». Секу Олисе биылғы маусымның бірінші жартысын краснодарлық «Кубань» сапында өткізген болатын. «Секу жарақытынан айығып болған соң ЦСКА-ның жаттығу жұмыстарына кіріседі. Қосалқы құрамада ойнайды. Қазақстаннан басқа елдердің бәрінде маусымаралық терезе жабық. Ал Секу Қазақстанда ойнағысы келмейтінін айтты. Сондықтан, жазға дейін ЦСКА-да жаттығады, сосын көрерміз», - деді Олега Яровинский sport-express.ru. сайтына.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×