Елордалық «Жеңіс» клубы трансферлік терезеде белсенділігін жалғастыруда.
Бүгін «Жеңіс» командасы 27 жастағы қорғаушы Амандық Нәбихановпен келісім-шарт жасасты. Ойыншы бұған дейін 2025 жылғы маусымда «Атырау» клубында 6 ойын өткізген.
Футболшы 2025 жылы ғана “мұнайшылар” сапына ауысқанымен, жарты жылдан соң, өзге ұжымға кету жайлы шешім қабылдады.
Айта кетейік, қазіргі сәтте «Жеңіс» клубы Қазақстан Премьер-лигасында 13 ұпаймен 9-орында тұр.