Анатолий Чернов: Терiс жүйенi үзуіміз керек

24.02.2011, 19:19
Анатолий Чернов: Терiс жүйенi үзуіміз керек

ҚР еңбек сіңірген бапкері Анатолий Чернов — Қазақстан футболында құрметті тұлғалардың бірі. Оның арбитр үшін өте күрделі КСРО чемпионатында көпжылдық қазылық, кейіннен Қазақстан чемпионатынан 2 мәрте үздік жүлделі еткен тренерлік жолы бар Анатолий Чернов кезінде семейлік «Елімайдың», павлодарлық «Иртыштың», алматылық «Қайраттың», өскемендік «Востоктың" бас бапкері қызметін-де атқарған. Тәжірибелі маман ұлттық құраманың бапкерлік штабына да шақырылған. Бұл күнде Ресей астанасының тұрғыны УЕФА JIRA бағдарламасының қазақстандық бөлімшесінің шақыртуын қабыл алып, өзінің туған Қазақстанында болып кетті.

— ФФК техникалық орталығының директоры Қайрат Адамбеков JIRA оқушыларымен (курсанттарымен) бас бапкер қызметімдегі тәжірибеммен бөлісуге шақырды, — дейді Анатолий Чернов. — Қазылық корпус пен кәсіби командалардың бас бапкері ретіндегі көпжылдық қызметімде көптеген ірі (үздік) мамандармен таныс болдым. Тәжірибесі мол мамандардан уйренуден ешкашан жалыкпайтынмын. Қаншама рет білікті ұстаздардың тәлімін тыңдадым. Оған өзімнің өжеттілігімнің арқасында қол жеткізген болуым мүмкін, дегенмен бұл қасиетім айтарлықтай біліммен толығуыма жол ашты. Әсіресе, Валерий Лобановскийдің бапкерлік қызмет әдістерін үздік деп санаймын. Мен одан көп нәрсені үйрендім. Сондықтан да менің көмегімді сұраған шақыртуға бірден-ақ келісе кеттім. — Сіз қазір Мәскеу қаласының тұрғынысыз. Қазақстандық футболдың жағдаяттарынан дер кезінде құлағдар болып отырасыз ба? — Әрине. Ел чемпионаты мен кубок сайыстарын мұқият қадағалап отырмын. Бірнеше рет маңызды кездесулерді (матчтарды) келіп тамашалап кеттім. Үстіміздегі жылы құраманың ешқандай ойынын жібермей көрдім. Бұл жылы ішкі жарыстардың да, құраманың ойындарының да көңілімнен шыққанын арнайы атап өткім келеді. Мәскеуде болғанымда Олег Романцев бастаған ресейлік мамандармен Қазақстан Кубогы мен Чемпионатының ФФК президенті Әділбек Жақсыбеков ұлттық футболдағы қазылық заңсыздықтар мен келісімді матчтарға шектеу қойғанынан кейінгі жағдайы барысында пікірлесудің сәті түсті. Бұл бағытта қолданып жатқан шаралар қатаңдау болғанымен, олардың нәтижесі-де бетке шығып тұр емес пе! Жарыстың қатысушыларының барлығына жуығы өз сұхбаттарында осы маусымның көп жылдардан дәстүрге айналған қазылық жанжалдарсыз өтіп жатқанын айтады. Мен тәжірибелі төреші, бапкер ретінде бағалаймын, өйткені сондай қазылық жүйелермен, келісімді матчтармен жақсы таныс болғасын айтып отырмын. Қазақстанның кез-келген бапкері төрешілерге талай рет себепсіз сыйлықтар берілгенін біледі. Алдын ала төлеп қоймаса, қазылар алқасы ойыншыларға оңай-ақ зардап шектіретін. Бұл осындай шеңберлі жүйе өзі. Оны жою, тіпті-де, оңай шаруа емес. ФФК-ның қазіргі басшылары осыған қол жеткізді. Бұл үшін, біріншіден, ФФК футбол төрешілері Департаментінің жұмысына айқындық кіргізді. Қазір кез-келген күдікті матчтар мен ойындардағы кейбір күдікті сәттерді-де детальді қадағалап қарауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялармен толықтай қамтамасыздандырылғанын білемін. Кінәлі төрешілер бірден-ақ айыбын өтеп, көзге байқалмаса да, көңілге сезіліп тұратын құқық қорғау органдарының өкілдерінің жүруі ойынның әділ өтуіне қосымша кепілдік беретіндей. Бұл «келісімшілер» ұйымына да тікелей қатысты. Мәскеуде өтетін Ынтымақтастық Кубогының ойындарына үнемі барып тұрамын. Қазақстандық ішкі турнирлердегі жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық жойылған соң, біздің командаларымыздың бұл турнирге қатынасуына қатысты көзқарас түбірімен өзгерді деуге болады. Бұрын Қазақстан чемпиондарына сенімсіздікпен қарайтын еді, өйткені басқа елдердің ойыншыларының қасында, тек кейбір жағдайда болмаса, әлсіз көрінетін-де, турнирлерден шығып қалатын. Қазір жағдай басқаша. Қазақстандық клубтарға қатысты пікір түбірімен өзгерген. Бүгінгі чемпиондық командалар өз атақтарына лайықты. «Ақтобенің" қатарынан екі мәрте Ынтымақтастық Кубогының финалына шығуының өзі осының айқын дәлелі. Яғни, Қазақстан чемпионаты айтарлықтай өскен, лайықтылар жеңімпаз болады. Бірде Олег Романцев екеуміз әңгіме барысында осындай тоқтамды пікірде түйіскенбіз. — Бір сөзіңізде Қазақстандық ұлттық құрама матчтарын өткізбейтініңізді айтып калдыңыз… — Құраманың ойындарына қарап отырып, оның кейбір сарапшылардың айтқанындай емес, біршама шапшаң жылдамдықпен дамып келе жатканын байқадым. Бұған батыс мамандарын бапкерлік штабқа шақырылуы да айтарлықтай үлес қосты. Бізге неше түрлі ұстаздар келгенін білемін, дегенмен ойынның осы күнгі моделіне ұтымды өте алдық деп санаймын. Ойыншылар кейде экстра-класс командалармен-де сай өнер көрсетіп жүр. Тіпті, белгілі шамада ойынның шабуылдаушы моделіне-де өтетіні байқалады. Құрамадағылар қарапайым шашыраңқы ойыннан құтылған, нақты футболды көрсетеді, қарсыластар қақпасына шынайы қауіп тудыруда. Әзір гол соға алмадық, дегенмен, табыс жақын секілді. Оның өзі иыққа артылған салмақты жауапкершілікке байланысты туған қобалжу мен психологиялық қателіктерден, бұл да жақын болашақта ретке келтіруге болатын іс. Шетелдерде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық тамырлы футболистерді өз командаларымызға шақырып жатқанымыз осының негізін салуы тиіс. Толыққанды Германиядағы азаматтықты алмастыруға көндірге ұлттық федерация басшыларының алдында бас иемін. Осы жағынан, Генрих Шмидтгальмен жолымыз болған. Бұл күнде аталмыш ойыншы үздіктердің бірі-де бірегейі. Осы және өзге-де шетелдік ойыншыларды тауып, оларды ұлттық командаға алдыруға қатысты ФФК қызметкерлерінің еткен еңбегінің ауқымы өте кең. Маңыздысы, барлық жұмыс екі елдің де заңнамаларына сәйкес жасалынып, ойын да қыза түсті. Мысал ретінде, немістермен болған соңғы матч есіме түсіп отыр. Біздің футболистер титулды қарсыластарымыздың қауіп төндіріп, бірнеше рет қорғанысын сөгіп жіберді. — Құрама командалар институты құрылымы жайлы не білеріңіз бар? — Әрине, мен бұл жайында оқыдым, футболға қызығушылық танытатын адамдардан да естідім. Керемет идея. ДЮСШ-дан шақырылған балаларға УЕФА-да арнайы бекітілгендей, 17 жастағылардың құрамасынан 19 жастағыларға өту үшін, бір командадан өзгелеріне толассыз ауысып отыру өте пайдалы болмақ. Бұдан басқа, олар 14 жастан басталатын мектептен-де өтеді, әр жасқа орай халықаралық матчтарда шынығады да, тәжірибелі кәсіби мамандарға айналады. Негізі, соңғы жылдары қормен жұмыс жаңа арнаға көтерілді. ФФК футболды дамыту үшін барлық жағынан қарқынды өзгерістер енгізіп жатқаны байқалып-ақ тұр және жетістігі-де көз алдымызда. Балалар-жастар футболынан өзге әуесқой футболға да жан кіре бастады, КСРО құлағанынан бері алғаш рет толыққанды екінші лига пайда болды. Қатысушылардың саны мен чемпионат формуласының өзгеруі ұлттық біріншілік үшін күресті өткірлендіре түсті. Ал элита қысқарғаннан кейінгі Бірінші лигадағы клубтар, шын мәнінде, осы дивизионды жандандырды. Қорытындысында, қалжыңсыз күрес орын алып, жанкүйерлердің қызығушылығын тудырды. Өз уақытында маған өмірге жолдама берген қазақстандық футболдың қайтадан жаңғыра жаңарғаны үшін шын жүректен қуаныштымын.

Қазақстан футбол қауымдастығының ресми сайтынан алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×