«Ювентустың» жаңа бас бапкері Андреа Пирло шабуылшы Криштиану Роналдумен сөйлесті, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.
Басылымның мәліметінше, италиялық маман Роналдуды «Ювентус» үшін негізгі ойыншы деп сендірді. "Ювентус" клубы, қауесеттерге қарамай, Криштиануды сатпайды және оның жанында ойнайтын орталық шабуылшыны алуға тырысады.
Бұған дейін «Ювентус» Роналдудың жалақысына жұмсалатын қаржыны қысқартқысы келетіні туралы хабарлаған болатын және оны көптеген клубтарға, соның ішінде «Барселонаға» ұсынған болатын.
Айта кетейік, 41 жастағы Пирло туриндік клубтың тәлімгері Маурисио Сарридің орнына келді, Сарри «Ювентуспен» Чемпиондар лигасында жолы болмағандықтан, жұмыстан шығарылды.
Роналду 2018 жылы «Ювентусқа» қосылған болатын. Трансфер құны 117 миллион еуроны құрады. 35 жастағы шабуылшының «Ювентуспен» келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET