Андрей Буйволов: «Конференция лигасы - бұл бүкіл команда жақсы өнер көрсеткісі келетін турнир»

27.04.2021, 17:13
«Шахтер» келесі турда «Жетісуға» қонаққа барады.
Андрей Буйволов: «Конференция лигасы - бұл бүкіл команда жақсы өнер көрсеткісі келетін турнир»

Қарағандылық "Шахтердің" қорғаушысы Андрей Буйволов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Магомед Адиевпен жұмыс жасаудан алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ ол команданың таяу уақыттағы мақсаттары туралы айтты.

- Адиевтің келуімен "Шахтердің" ойыны түбегейлі өзгерді.

- Иә, дұрыс айтасыз. Командада көп нәрсе өзгерді. Егер бұған дейін ойыншылар жеке-жеке ойнаған болса, енді олар жинақы түрде және ұйымшылдықпен ойнай бастады. Алаңның әр бөлігінде бір-бірімізге көмектесуге тырысамыз. Әр адам өзінің алаңдағы жұмысын, өз орнын біледі. Командада керемет атмосфера орнады. Мүмкін, бұл біздің жақсы ойнай бастағандығымызды көрсететін шығар.

- Яғни, бар кінә бұрынғы жаттықтырушыда болды ма?

- Ол бір сұхбатында біздің кінәлі екенімізді айтты. Ол бапкердің шеберлігі орташа ойыншылардан ұйымшыл команда құруға негізделген.

- Магомед Адиев туралы не айта аласыз?

- Онымен жұмыс істеу біз үшін өте қызықты. Аз уақыт ішінде ол командада көп өзгеріс жасады. Меніңше, біз Адиевтің басшылығымен тек алға жылжимыз. Ол үшін команданың нәтиже үшін ойнауы, жеңіс үшін күресуі маңызды.

- Яғни, ҚПЛ-да әлі ештеңе жоғалған жоқ па?

- Әрине, алда көптеген матчтар бар. Ия, біз бірнеше ойында жеңіліп қалдық, бірақ барлығын түзетуге тырысамыз. Ия, ҚПЛ-да әлсіз қарсыластар жоқ және бәріне қиын болады, бірақ біз маусым соңында "Шахтер" жоғары орынға ие болады деп сенеміз.

- Сіздің командаңызда жарақат алған ойыншылар көбейді. Команданың Премьер-лигада сәтсіз ойнауының себебі осы ма?

- Солай деп ойлаймын. Көшбасшы ойыншылар жарақат алды, оларды ауыстыру оңай болған жоқ. Мен келесі ойындарда "Шахтердің" оңтайлы құраммен ойнағанын қалаймын. Жарақат біздің командамыздан алыс болса екен деп тілеймін.

- Әзірге команда қарсыластарын үйде емес, Нұр-Сұлтанда қабылдайды.

- Біздің өз алаңымызда және жанкүйерлерімізбен бұдан да жақсы ойнайтынымызға сенімдімін. Өйткені, футболда жергілікті жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды. Жақында Қарағандыда өнер көрсетеміз деп үміттенемін.

- Жазда "Шахтер" еурокубокте өнер көрсетеді. Маусымды сәтсіз бастаған команда Конференция лигасына жақсы формада келе ала ма?

- Жақсы өнер көрсету үшін барымызды саламыз деп уәде беремін. Конференция лигасы - бұл бүкіл команда жақсы өнер көрсеткісі келетін турнир. Біз алдағы дебютті басты назарда ұстаймыз. Ең бастысы - жазғы ойындарға жақсылап дайындалу.

- 7-турда "Астанадан" ұпай алуға болар ма еді?

- Біз үшін де, қарсылас үшін де көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ пайдалана алмадық. Менің ойымша, біз бір гол соғуға лайық болдық және тең ойын заңды нәтиже болар еді. Келесі матчтарда жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×