Андрей Финонченко: «Ойын нәтижесінен көңіліміз қалды, бірақ бұл текетірес әлі аяқталған жоқ»

23.07.2021, 14:06
Ойын соңында Айдос Тәттібаев 100 пайыздық мүмкіндіктерді пайдалана алмады
Андрей Финонченко: «Ойын нәтижесінен көңіліміз қалды, бірақ бұл текетірес әлі аяқталған жоқ»

"Шахтер" ФК бас бапкерінің көмекшісі Андрей Финонченко "Стяуаға" қарсы өткен матчтың (1:0) қорытындысын шығарды:

- Біз қарсыластар бұл кездесуді өз жанкүйерлерінің қолдауымен белсенді бастайды деп күттік. Гол соққаннан кейін алаң иелері бұл кездесуде бірнеше жақсы мүмкіндіктерге ие болды. Бірақ біздің қақпамызға бұдан басқа қауіпті соққылар жасалған жоқ. Кездесу соңында біздің команда есепті теңестіретін екі-үш жақсы мүмкіндікті жіберіп алды. Өкінішке орай, олар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Ойын нәтижесінен көңіліміз қалды, ұтылдық. Бірақ бұл текетірес әлі аяқталған жоқ деп айта аламын. Мұнда әлі ештеңе шешілген жоқ. Өз алаңымызда біз жеңіске жетуге және келесі кезеңге өту үшін бар күш-жігерімізді саламыз, басқа амалымыз жоқ. Жігіттерге беріліп ойнағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың әрқайсысы бүгін барын салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×