Андрей Тихонов: «Тасып тұрған күшіміз жоқ, себебі біздің құрамда үш күнде екі ойынға қатысқан ойыншылар бар»

28.11.2020, 00:13
«Астана» келесі ойында жас футболшыларға мүмкіндік беруі мүмкін.
Андрей Тихонов: «Тасып тұрған күшіміз жоқ, себебі біздің құрамда үш күнде екі ойынға қатысқан ойыншылар бар»

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов Премьер-лиганың 21-турындағы "Жетісуға" қарсы матч (2:1) туралы пікір білдірді:

- Ойын басында біз қателік жібердік, қорғаушылар бір-біріне сеніп қалды, бұл жылдам гол жіберуімізге себеп болды. Сіз бірінші минуттарда қарсыласыңызға мұндай артықшылық бере алмайсыз. Жіберілген голдан кейін "Жетісу" бүкіл командамен қорғанды, олардың қорғанысын бұзу қиын болды, бірақ біз допты бақылауымызда ұстап, қарсылас қақпасының маңында қауіпті сәттер туындаттық. Маған өткізіп алған голдан кейінгі ойыншылардың байланысы ұнады, негізі команда алғашқы минуттардан бастап осылай ойнауы керек. Екінші тайм өте қиын болды, тасып тұрған күшіміз жоқ, себебі біздің құрамда үш күнде екі ойынға қатысқан ойыншылар бар. Мен өте қуаныштымын, өйткені жігіттер тоқтамады, олар қарсыласқа қысым жасады, қарсыластың қателіктеріне қарап ойнады және бұл матч үшін біздің алдымызда тұрған тапсырманы орындады, енді біз "Тобылдың" ойынын тамашалаймыз.

- "Қызыл-жарға" қарсы бір матч қалды. 30 қарашадағы ойынға қатысатын құрамда өзгеріс болады деп күтуге бола ма?

- Барлығы "Тобылдың" бүгінгі матчының нәтижесіне байланысты болады. Егер турнир кестесінде жоғарыға көтерілу мүмкіндігіміз болса, онда, әрине, негізгі ойыншылар ойнайды. Егер матч бұдан былай турнирлік кестеге әсер етпейтін болса, онда ойында мен қарау керек болған жас футболшылар өздерін дәлелдеуге мүмкіндік алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×