«Тобыл» «Таразды» еш қиындықсыз жеңді

27.11.2020 19:54 ҚПЛ

«Тобыл» бұл маусымда күміс жүлдеге ие болды.

«Тобыл» «Таразды» еш қиындықсыз жеңді

Қостанайлық "Тобыл" Премьер-лиганың 21-турында "Таразды" сенімді түрде жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталады.

Ойынның 24-минутында "Тараз" капитаны Мақсат Әмірханов қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Ал 26-минутта Азат Нұрғалиев пенальтиден гол соқты. 82-минутта Роман Муртазаев екінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.

"Тобыл" бүгінгі жеңістің арқасында Премер-лиганы екінші орынмен аяқтады. "Тараз" 20 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.

1 пікір

  1. Мейірбек Асхат!

    Мейірбек Асхат!

    27.11.2020 20:46

    Құттықтаймын Тобол Қостанайлықтар Келесі Жылы Еурода Көресерміз!