Андрей Тихоновқа тағайындалған жаза мерзімі қысқартылды

09.12.2021, 20:33
Ресейлік маман аппеляциялық сотқа шағым түсірген екен.
Андрей Тихоновқа тағайындалған жаза мерзімі қысқартылды

Апелляциялық комиссияға Андрей Тихоновтан ҚФФ Тәртіптік комитеті тағайындаған жазаның мерзіміне қарсы шағым түсті.

11 қараша мен 8 желтоқсанда өткен отырыстарда Комитет матчтың ресми өкілдерінен келген барлық материалдарды, есептерді, соның ішінде шағымданушы ұсынған материалдарды қайта қарады. Комитет мүшелері Тихоновтан матч кезінде команданы ойын алаңынан рұқсатсыз алып кету фактісі бойынша түсініктеме сұрады.

Апелляциялық комиссия «Астана» клубының бұрынғы бапкері Андрей Тихоновтың шағымын қабылдады. Осылайша, ҚФФ Тәртіптік комитетінің шешімімен дисквалификация мерзімі 24 айдан 12 айға дейін қысқартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×