АНГЛИЯ ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ. «АРСЕНАЛДЫҢ» ТАС-ТАЛҚАНЫ ШЫҚТЫ

10.02.2014, 03:47
АНГЛИЯ ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ. «АРСЕНАЛДЫҢ» ТАС-ТАЛҚАНЫ ШЫҚТЫ
Англия премьер-лигасының 25 тур ойындарының алғашқы кездесуі болып өтті. Барлық жанкүйердің таңданысын тудырған ойын, дәрежесі жоғары кездесулердің бірі «Ливерпуль» және «Арсенал» арасында болды.  Венгер шәкірттерінің соңғы басқан қадамдары сәтсіз болып жатыр. Әр аттағандары жеңіліс. Осылай жалғаса берсе кестедегі үздік орынын оңай табыстай салмақ.  «Ливерпуль»  - биыл бұл команда нағыз аузынан от шашып тұрған «айдаһарға» айналды. Аузынан шыққан отының жалынына жақындап кеткендер «күйіп» жатыр. Көпшілік бүгін тағы Суарестен гол күтті, Джеррардтан әдемі пас, Старриджден әріптестерімен керемет үйлесімділік күтті. Әр ойын сайын «Ливерпульден» жаңа жаңалық күтетін күйге жеттік. Англия премьер-лигасының кестесі бүгін тағы быт-шыт болып ауысатын сыңайлы. Сттаридж Англия чемпионаты. 25 – тур. «ЛИВЕРПУЛЬ» — «АРСЕНАЛ»  5:1 (4:0). Ливерпуль. «Энфилд» алаңы. Төреші: Майкл Оливер. Голдар: Шкртель 1 (1:0), Шкртель 10 (2:0), Стерлинг 16 (3:0), Старридж 19 (4:0),  Стерлинг 52 (5:0), Артета 69 минутта пенальти (5:1) Сары қағаз алды: Джордан Хендерсон 47, Жиру 51, Уилшир 59. «Ливерпуль»: Симон Миньоле, Джон Флэнган, Али Соссоко, Коло Туре, Мартин Шкртел, Стивен Джеррард 76 (Джордан Айб), Джордан Хендерсон, Рахим Стерлинг, Филиппе Коутиньо, Луис Суарес 86 (Яго Аспас), Даниэль Старридж 66 (Джо Аллен). «Арсенал»: Войцех Щесны, Бакари Санья, пер Мертесакер, Лоран Косельни, Начо Монреаль 61 (Киран Гиббс), Микель Артета, Джек Уилшир, Алекс Окслейд-Чемберлен, Санти Касорла, Месут Өзіл 61 (Томаш Росицки), Оливье Жиру 60 (Лукас Подольски). http://www.alaman.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Маусымашар
Келесі жаңалық
ФотоШок
Серіктес жаңалықтары
×